2018 жылғы 11 қазанда "Союз-ФГ" ресейлік зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жіберу кезінде Қарағанды облысында орын алған авария фактісін зерделеу, аварияның салдарын анықтап жою және келтірілген зиянды бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай құрамда Үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын:
Ильин | - |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төраға | |
Шайдаров | - |
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары | |
Ыбырайымов | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары | |
Сәдуақасов | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары | |
Данбаев | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары | |
Берекетов | - | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры | |
Төреханов | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің директоры | |
Амрин | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы | |
Нәукенов | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті құқық қорғау жүйесін, қорғаныс және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасының басшысы | |
Сәтімов | - | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы | |
Досжанов | - | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы | |
Күлшімбаев | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы | |
Бекішев | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының басшысы (келісім бойынша) | |
Жұбатов | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті "Ғарыш-Экология" ғылыми зерттеу орталығы" РМК бас директоры (келісім бойынша). |
2. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия белгіленген тәртіппен орталық (соның ішінде олардың аумақтық бөлімшелерінен) және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты, мүдделі мәселелер бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды алуға, сондай-ақ олардың мамандарын Комиссия жұмысына тартуға құқылы.
3. Комиссия аса қысқа мерзімде:
аварияның медициналық-санитариялық, экологиялық және техногендік салдарын айқындасын;
бірінші кезектегі шаралар және аварияның ықпал ету факторларын шектеу бойынша ұсыныстар дайындасын;
аварияның салдарын жою үшін қажетті іс-шаралар тізбесін және іске асыру мерзімдерін айқындасын;
келтірілген зиян сомасын белгілесін;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |