Қарағанды облысында "Союз-ФГ" ресейлік зымыран тасығышы авариясының салдарын зерделеу жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 708 қаулысы.

      2018 жылғы 11 қазанда "Союз-ФГ" ресейлік зымыран тасығышын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жіберу кезінде Қарағанды облысында орын алған авария фактісін зерделеу, аварияның салдарын анықтап жою және келтірілген зиянды бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай құрамда Үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын:


Ильин
Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төраға
 

Шайдаров
Серік Жаманқұлұлы

-

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
 

Ыбырайымов
Ғалымжан Уәлиханұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Сәдуақасов
Нұрқан Олжабайұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары

Данбаев
Ғалымжан Қалдыбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары

Берекетов
Мақсат Берекетұлы

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры

Төреханов
Уәлихан Әмірханұлы

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің директоры

Амрин
Рустамбек Нұрланұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы

Нәукенов
Рахат Оспанұлы
 

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті құқық қорғау жүйесін, қорғаныс және мемлекеттік органдарды дамыту басқармасының басшысы

Сәтімов
Нұрай Жеңісұлы

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы

Досжанов
Бауыржан Абайұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Күлшімбаев
Ибрагим Дәукесұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Бекішев
Амангелді Мылтықбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының басшысы (келісім бойынша)

Жұбатов
Жайлаубай Қызылбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті "Ғарыш-Экология" ғылыми зерттеу орталығы" РМК бас директоры (келісім бойынша).

      2. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Комиссия белгіленген тәртіппен орталық (соның ішінде олардың аумақтық бөлімшелерінен) және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты, мүдделі мәселелер бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды алуға, сондай-ақ олардың мамандарын Комиссия жұмысына тартуға құқылы.

      3. Комиссия аса қысқа мерзімде:

      аварияның медициналық-санитариялық, экологиялық және техногендік салдарын айқындасын;

      бірінші кезектегі шаралар және аварияның ықпал ету факторларын шектеу бойынша ұсыныстар дайындасын;

      аварияның салдарын жою үшін қажетті іс-шаралар тізбесін және іске асыру мерзімдерін айқындасын;

      келтірілген зиян сомасын белгілесін;

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады