Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Жоба |
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттер
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымы (бұдан әрі - ҰҚШҰ немесе Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
Ұйымның тұрақты жұмыс істеп тұрған жұмыс органдары қызметінің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің маңыздылығын ұғына отырып,
1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын назарға ала отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Жарғысын негізге ала отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 49-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1.1. 1-бапта:
а) жетінші және сегізінші абзацтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"мүше мемлекеттердің өкілдері" - мүше мемлекеттердің Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкілдерін қоспағанда, Ұйым шеңберінде өткізілетін іс- шараларға қатысатын делегациялардың басшылары мен мүшелерін қоса алғанда, Ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері;
"Ұйым жанындағы Тұрақты және Өкілетті Өкіл" (бұдан әрі - Тұрақты өкіл) - Ұйымға мүше мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тағайындайтын, Ұйым мәселелері жөніндегі қызмет және Ұйым Жарғысының IV тарауына сәйкес құрылған Тұрақты кеңесте жұмыс істеу үшін өзін жіберген мемлекет қажетті өкілеттіктер берген өкіл;";
б) мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Бас хатшының орынбасары" - Ұйымның жоғарғы әкімшілік лауазымды тұлғасының орынбасары, тізбесін Кеңес айқындайтын, Хатшылықтағы лауазымдарға әрбір мүше мемлекетке бекітіп берілген квоталарға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілетін адамдар қатарындағы лауазымды адам;";
в) он сегізінші - жиырма екінші абзацтар тиісінше он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтар деп саналсын;
г) "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісінше түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын;
1.2. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Егер Бас хатшы, Бас хатшының орынбасарлары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері болу мемлекетінің азаматтары болмаса, олар 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясында дипломатиялық агент және оның отбасы мүшелері үшін көзделген көлемде артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.";
1.3. 211-бап "Ұйымның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің" деген сөздерден кейін "(осы Келісімнің 11-бабында көрсетілгендерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
1.4. 23, 24, 27-33-баптардағы "Өкілетті өкіл" деген сөздер тиісінше түрдегі және септіктегі "Тұрақты өкіл" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі.
3. Осы Хаттама Келісімнің 46-бабында кезделген тәртіппен күшіне енеді. Тараптардың әрқайсысы депозитарийді бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, осы Хаттаманы уақытша қолданатыны туралы мәлімдей алады.
201___ "__" __________ __________________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Қыргыз Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Қазақстан Республикасы үшін | |
Тәжікстан Республикасы үшін |