"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай мәдениет және білім беру ұйымдары:
1) Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының жанындағы Самар мәдениет үйі Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің "Бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының жанындағы Иван Федосов атындағы мәдениет үйі болып;
2) "Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қазанның 17 жылы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы "Ұлан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |