Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде республикалық мемлекеттік мекемелердің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыратын заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 779 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданыста болу мерзімі - 31.12.2018 дейін (қаулының 3-т.).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде республикалық мемлекеттік мекемелердің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыратын заңды тұлға ретінде "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Қорғаныс министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Об определении юридического лица, финансирующего научную и (или) научно-техническую деятельность республиканских государственных учреждений в рамках грантового и программно-целевого финансирования научных исследований в сфере обороны и национальной безопасности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2018 года № 779.

      Примечание РЦПИ!
      Срок действия постановления - до 31.12.2018 (п. 3 постановления).

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 3 Закона Республики Казахстан от 18 февраля 2011 года "О науке" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить акционерное общество "Фонд науки" юридическим лицом, осуществляющим финансирование научной и (или) научно-технической деятельности государственных учреждений в рамках грантового и программно-целевого финансирования научных исследований в сфере обороны и национальной безопасности.

      2. Министерствам образования и науки, обороны, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить контроль за целевым и эффективным использованием бюджетных средств, выделенных для финансирования научных исследований в сфере обороны и национальной безопасности.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и действует до 31 декабря 2018 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев