РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданыста болу мерзімі - 31.12.2018 дейін (қаулының 3-т.).
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде республикалық мемлекеттік мекемелердің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыратын заңды тұлға ретінде "Ғылым қоры" акционерлік қоғамы айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Қорғаныс министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |