"Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы" акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 824 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қоғам) акциялары пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "University Medical Center" корпоративтік қорының ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 824 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-189-жолмен толықтырылсын:

      "21-189. "Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-24 жолмен толықтырылсын:

      "227-24. "Ұлттық ғылыми онкология және транcплантология орталығы" АҚ".

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 41-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:

      "15. "Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы" АҚ".

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальный научный центр онкологии и трансплантологии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2018 года № 824

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 "Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Согласиться с предложением Корпоративного фонда "University Medical Center" о передаче в республиканскую собственность 100 (сто) процентов пакета акций акционерного общества "Национальный научный центр онкологии и трансплантологии" (далее – общество) по договору дарения.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:

      1) осуществить необходимые мероприятия, вытекающее из пункта 1 настоящего постановления;

      2) обеспечить передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций общества Министерству здравоохранения Республики Казахстан.

      3. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 декабря 2018 года № 824

Дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-189, следующего содержания:

      "21-189. Акционерное общество "Национальный научный центр онкологии и трансплантологии".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Министерству здравоохранения Республики Казахстан":

      дополнить строкой, порядковый номер 227-24, следующего содержания:

      "227-24. АО "Национальный научный центр онкологии и трансплантологии".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан 2017 г., № 6, ст. 41):

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства здравоохранения Республики Казахстан и его ведомств:

      раздел "4. Акционерные общества":

      дополнить строкой, порядковый номер 15, следующего содержания:

      "15. "Национальный научный центр онкологии и трансплантологии".