Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу изоляторы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |