Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1060 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:
кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктер берген кредиттері бойынша "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде жүзеге асырылады.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты:
Бағдарлама бойынша – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді;
Тетік бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеуші өнеркәсіптегі қайта өңдеу және қызметтер көрсету бойынша жобалар шеңберінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзара жасалған Тетік шеңберінде субсидиялау үшін қаражат аудару шарты (бұдан әрі – қаражат аудару шарты) негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру:
Бағдарлама шеңберінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады;
Тетік шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;";
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген "Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары" шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген).";
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
"5-1. Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары 72-1. Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары субсидиялауға жатады.
72-2. Мына:
осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;
осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
осы Субсидиялау қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және қызметтер жобалары бойынша тауарлар (қызметтер) тізбесі шеңберінде банктер инвестицияға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген жаңа және қолданыстағы кредиттер субсидиялауға жатады.
Бұл ретте "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер беретін кредиттер қолданыстағы кредиттер деп түсініледі.
Кәсіпкерлердің жобаларын бастапқы кредиттеу кезінде айналым қаржатын толықтыруға, бірақ бір қарыз алушыға берілетін кредиттердің 30%-ынан аспайтын кредиттерді субсидиялауға рұқсат етілді.
Басқа банктен қайта қаржыландыруға, қатысу үлестерін сатып алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланысты тараптар арасындағы мәмілелерге жол берілмейді.
72-3. Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларды 10 (он) млрд. теңгеден астам сомаға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру бойынша 500 (бес жүз) млн. теңгеден астам сомаға кредиттеу бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші мақұлдаған жобаның паспорты (өтініш берушінің толық атауы: заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы); өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саласының атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып); шығарылатын өнімнің заттай көріністегі 3 (үш) жылдық номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаттылығы (заттай және ақшалай мәнде); қуаттылықтың ағымдағы жүктемесі (пайызы); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайызы); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) туралы ақпаратпен қоса);
2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;
3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.
Мақұлданған жағдайда банк осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды банктiң кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi.
72-4 Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен түскен құжаттарды Тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Олар Тетiктiң шарттарына сәйкес келген жағдайда салалық қорытынды алу үшiн тиiстi салалық орталық уәкiлеттi органға сұрау жiберiледi.
Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.
Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттар сұратуға құқылы.
72-5. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру жобалары бойынша қаржы агенттігі жобаны қарап болғаннан кейін хабарлама-хат пен осы Субсидиялау қағидаларының 75-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс органына өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
72-6. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша 500 (бес жүз) млн. теңгеден асатын жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскеннен кейін хабарлама-хат пен осы Субсидиялау қағидаларының 72-3-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс беруші органға салалық қорытынды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
Жобаларды субсидиялау № 436 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
72-7. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер жобалары бойынша қаржы агенттігі жобаны қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.
72-8. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі 10 (он) млрд. теңгеден астам жобалар бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу жөніндегі 500 (бес жүз) млн. теңгеден астам жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.
72-9. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 8 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмашылығын мемлекет субсидиялайды. Кредит жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.
72-10. Инвестицияға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
72-11. Бұл ретте субсидиялауға шағын және орта бизнес Тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 17 % мөлшерінде іске асыратын жобалар жатады.
72-12. Қаржы агенттігі субсидиялардың сомасын агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары бойынша бөлінген қаражатқа пропорционал бөлуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте қаржы агенттігі тиісті салалар бойынша субсидиялар сомалары бөлінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы банкті хабардар етеді.
72-13. Қаржы агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары бойынша бөлінген қаражат болмаған жағдайда субсидиялау өтінімдерін қараудан бас тартады.
72-14. Банктер:
1) жеке кәсіпкерлік субъектісі бастама жасаған кредиттеу шарттарын өзгертумен байланысты;
2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндірілетін;
3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықты алып тастаумен байланысты;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
72-15. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк жеке кәсiпкерлiк субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді мұндай қолданыстағы кредит бойынша ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қаржы агенттігінен субсидиялау туралы қол қойылған шартты алған күннен бастап 3 (үш) ай мерзімде өтейді.
Уақтылы өтелмеген жағдайда банк қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.";
"Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі" деген 6-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға/Тетікке қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі";
73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға:
1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға/Тетікке сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен (банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша);
2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішхатпен жүгінеді;
74. Банк/даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада/Тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.
75. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
2) мыналар қамтылатын кәсіпкер жобасының бизнес жоспары:
жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе үшінші тұлғалардың мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (180 (жүз сексен) млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша). Бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етілуі қажет;
қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу кезеңдері. Осы абзацтың талаптары Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда/Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша қолданылады;
салықтық есептілік деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/арттыру немесе қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу шарты кәсіпкер жобасының бизнес жоспарын қамтиды (осы абзацтың талаптары Тетік шеңберіндегі жобаларға қолданылады);
3) кәсіпкердің – орта кәсіпкерлік субъектісінің соңғы 3 (үш) қаржы жылындағы кірісінің 20 %-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық есебінің көшірмесін ұсына отырып, қаржылық есептерінің көшірмелері. Кәсіпкерлік қызметін 3 (үш) жылдан аз жүзеге асырған жағдайда ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асырған кезең үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
4) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметті қамтитын өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген құжат;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
6) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда).
Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне жүгіне алады.";
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
"79-1. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қаржы агенттігінің тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.
Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде: жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) ұлғайту жөніндегі міндеттемесі қаржылық есептілік (100 нысан) және (немесе) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін 10 %-ға өсуге қол жеткізуі негізінде көрсетіледі.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Банк/даму банкі/лизингтік компания Бағдарлама шеңберінде қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/даму банкі/лизингтік компания:
1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) кредит/лизинг бойынша кәсіпкердің міндеттемелерді бұзуының себебінен алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:
"94-1. Банктер Тетік шеңберінде жаңа кредиттер бойынша:
1) кәсіпкер бастамашылық еткен кредит беру шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) кредит бойынша кәсіпкердің міндеттемелерді бұзуының себебінен алынатын;
3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеу және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісі үшін кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 105-1-тармақмен толықтырылсын:
"105-1. Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражатты аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына субсидияларды аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.";
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Банктер, даму банкі Бағдарлама шеңберінде кредит бойынша ай сайын/лизингтік компаниялар, банктер, даму банкі лизингтік мәмілелер бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Қаржы агенттігі Бағдарлама/Тетік шеңберінде кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.";
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"122. Бағдарлама/Тетік шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.";
124-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша), сондай-ақ қаржы агенттігінің уәкілетті органы Тетік шеңберінде субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректері негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталуы және (немесе) 10%-ға ұлғаюы және (немесе) кірістің 10%-ға өсуіне қол жеткізу бөлігінде міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтата тұрады.";
"Бағдарламаның мониторингі" деген 10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"10-тарау. Бағдарлама/Тетік мониторингі";
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Бағдарламаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингілеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде жүзеге асырады.
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;
2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның/Тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады.";
140 және 141-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Қаржы агенттігі Бағдарлама/Тетік тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалы есебін қалыптастыру мақсаты үшін есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның/Тетіктің бірінші, екінші және үшінші бағыттарын мониторингілеу нәтижелерін қаржылық емес қолдау операторы мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
141. Мониторингілеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі белгілейді.";
көрсетілген Субсидиялау қағидаларына 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес 8, 9 және 10-қосымшалармен толықтырылсын;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Өтініш
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігіне (бұдан әрі – Тетік):
(қажетті бағытты белгілеу қажет):
Бағдарлама шеңберінде "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты | |
Бағдарлама шеңберінде "Экономиканың басым салаларында және өндеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты | |
Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты | |
Тетік шеңберінде басым жобаларды кредиттеу |
шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, мынадай шарттарда:
Кредиттің нысаналы мақсаты | |
Кредит/лизинг сомасы | |
Сыйақы мөлшерлемесі | |
Кредит валютасы | |
Кредит/лизинг мерзімі |
субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдауды алу мақсатында Сізден субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/лизинг бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға/Тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.
____________________________________ _____________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні) М.О. (болған жағдайда)
_________________________
№ __________өтініш-сауалнама
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес кредит/қаржы лизингінің шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені__________________________ бойынша қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:
1. Бағдарламаның/Тетіктің бағыттары (бағытты белгілеу қажет)
Бағдарлама шеңберінде "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты | |
Бағдарлама шеңберінде "Экономиканың басым салаларында және өндеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты | |
Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты | |
Тетік шеңберінде басым жобаларды кредиттеу |
2. Кредиттік желі ашу/банктік қарыз ұсыну туралы мәлімет
Банк атауы | |
Кредиттің нысаналы мақсаты | |
Кредит/лизинг сомасы | |
Сыйақы мөлшерлемесі | |
Кредит валютасы | |
Кредит/лизинг мерзімі | |
Бағдарлама шеңберінде өзінің қатысуы* |
* 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз ету үшін ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаның іске асырылуына өзінің қатысуы талап етілмейді.
3. Кредиттік қаражаттың болжамды игерілуі
Сома (Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ/Транш) | Айы. Жылы |
4. Қатысушы туралы мәліметтер
Кәсіпкердің атауы | |
Құрылтайшы (-лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің № | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания | |
Жұмыс тәжірибесі |
5. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй телефоны | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны) |
6. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | % | Деректемелері |
7. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны/оның ішінде әйелдер | |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
8. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету қажет):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Тарихы
Кәсіпкер жұмысының процесінде пайдаланылған, өтелген, сондай-ақ қазіргі уақытта өтелмеген барлық банктік несиелер, лизингтік мәмілелер көрсетіледі.
Кредитор/Лизинг беруші | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | БҚШ/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | ||||||
2. |
10. Қолданыстағы кредиттер/лизинг туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы:
__________/___________.
Р/с № | Банк/лизингтік компания | БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит/лизинг валютасы | Кредит/лизинг сомасы | Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн | Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
11. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы және Кәсіпкерге
қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
Р/с | Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік даму институтының атауы | Қосымша ақпарат |
12. Кепілдіктер мен келісімдер
Кәсіпкер қаржы агенттігіне мынаны мәлімдеп, кепілдік береді:
1. Қаржы агенттігіне осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Қаржы агенттігінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
3. Қаржы агенттігі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шындыққа сай келуін тексеруге міндетті емес.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
5. Кәсіпкер өзінің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте қаржы агенттігі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Кәсіпкер қаржы агенттігіне мыналарға келісім береді:
1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен Кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.
3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, қаржы агенттігінде сақталатын болады.
4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) қаржы агенттігінің субсидия беру немесе Кәсіпкерге келтірілген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен қаржы агенттігіне наразылық білдірмеймін.
13. Қосымшалар
(________________________________ бағыт бойынша көзделген құжаттар)
_________________________________________________________________
(Кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
"___" ____________ 20___ ж. "________________"
Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС)
Көшірмесі: Акционерлік қоғам АҚ (екінші деңгейдегі банк)/Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) (бұдан әрі – АҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЛК)"___________"
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "_________________________"
КС жобасы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының/"Қолжетімді кредиттеу міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының ____________бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша қаржы агенттігі уәкілетті органының 20____ жылғы ________ "___" отырысында қарап, мақұлданғанын хабарлайды.
Өңірлік филиалдың директоры (бұдан әрі – ӨФ директоры) ____________
"___" ____________ 20 ___ ж. "________________" КС
Көшірмесі: АҚ (ЕДБ)/ЖШС (ЖК) "___________"
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының/ "Қолжетімді кредиттеу міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының ___________бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "____________________" КС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мыналар туралы шешім қабылдады:
1. _____________________ бас тартылсын (кері қайтарудың себебі).
2. _____________________ ұсынылсын.
ӨФ директоры ____________________
Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Р/с | Тауарлар тобының атауы | ЭҚЖЖ атауы | ЭҚЖЖ | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ | ||||
1 | Ет және құс етінен жасалған өнімдер | Етті өңдеу және консервілеу | 1011 |
Жас немесе тоңазытылған еттің ұша/шағын ұша түріндегі өндірісі |
2 | Сүт және ірімшік өнімдері | Сүтті өңдеу және ірімшік жасау | 1051 |
Жаңа сауылған, пастерленген табиғи, зарарсыздандырылған, гомогенделген және/немесе ультра тазартылған сүт өндірісі |
3 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу | Картопты өңдеу және консервілеу | 1031 | Өңделген тоңазытылған картоп, құрғақ картоп езбесін, картоптан жасалған жеңіл тағамдар, картоп қытырлақтары, картоп ұны және ұншалары өндірісі |
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс жобалары шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Р/с № | Тауарлар тобының атауы | ЭҚЖЖ атауы | ЭҚЖЖ | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ | ||||
1 | Ауыл шаруашылығы | Көкөністер және бақша өнімдерін, тамыржемістілер мен түйнекжемістілерді өсіру | 0113 |
Көкөніс, оның ішінде қызанақ, басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязды көкөністер, қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, сәбіз, шалқан, тамыр балдыры, шалғам басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемістілер, бұрыш, қияр мен корнишон, қант қызылшасы және асханалық қызылша, көкөніс, картоп, қант қызылшасының тұқымдарын өсіру |
Талшықты иіру дақылдарын өсіру | 0116 |
Мақта, зығыр өсіру | ||
Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру | 0119 |
Тарна, жемдік қызылша, жем-шөп, беден, жоңышқа, эспарцет, жемдік жүгері және басқа шөптерді, жемдік қырыққабат және қарапайым жемдік өнімдерді өсіру | ||
Дәнді жемістер және сүйекті жемістер өсіру | 0124 | Дәнді және сүйекті жемістер: алма, өрік, шие және қызыл шие, шабдалы және тақыр шабдалы, алмұрт және беже, қара өрік және шомыр өсіру | ||
Малдың және қодастың басқа да тұқымдарын өсіру | 0142 | Ет алу үшін ірі қара мал және қодас өсіру | ||
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру | 0141 |
Малдың сүтті тұқымдарын өсіру және өсіру |
Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобалары шеңберінде кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Р/с | Тауарлар тобының атауы | ЭҚЖЖ атауы | ЭҚЖЖ | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
I. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫ | ||||
1 | Еттен және құс етінен жасалған өнімдер | Еттен және үй құсының етінен жасалған өнімдер өндірісі | 1013 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған ет өндірісі, дайын орамалар |
2 | Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі | Қант өндірісі | 1081 | Қант қызылшасынан қант өндірісі |
Какао, шоколад және қантты кондитерлік тағамдар өндірісі | 1082 |
Шоколад және шоколад кәмпиттерінің өндірісі | ||
3 | Балалар тағамы | Балалар тағамының және диеталық тамақ өнімдерінің өндірісі | 1086 | Арнайы диеталар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балалар тағамын, қосымша сүт және басқа да тамақ өнімдерін; сәби балаларға арналған тамақ өнімдерін; калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді жасау |
4 | Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің өндірісі | Крахмал және крахмалдан жасалған өнімдер өндірісі | 1062 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден, бидайдан крахмал жасау |
Ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі | 1061 |
Құрғақ бұршақ дәндерінің, тамырлар немесе сабақтар немесе жеуге жарамды жаңғақтар өндірісі | ||
5 | Нан-бөлке және ұн өнімдерінің өндірісі | Макарон өнімдерінің өндірісі | 1073 |
Макарондар, кеспелер, кеспе және (немесе) олардан жасалған жартылай фабрикаттар (тез дайындалатын) өндірісі |
6 |
Дайын тамақ өнімдері | Дайындалған тамақ өнімдерінің өндірісі | 1085 |
Ет тағамдарының өндірісі |
7 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу және консервілеу | Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі | 1032 |
Жемістерден немесе көкөністерден жасалған шырындар өндірісі |
8 | Мал азығының өндірісі | Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азықтар өндірісі | 1091 | ІҚМ, ұсақ малдарға, жылқыларға, құстар мен шошқаларға арналған азық өндірісі |
9 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау | Жүкті қоймаға қою және сақтау | 5210 | Азық-түлік өнімдерін сақтау және сату бойынша көтерме тарату орталықтарын құру |
II. АЗЫҚ-ТҮЛІК ЕМЕС ТАУАРЛАР | ||||
1. КИІМ ЖӘНЕ АКСЕССУАРЛАР | ||||
10 | Сырт киім және аксессуарлар | Басқа да тоқылған және тоқыма бұйымдарының өндірісі | 1439 | Пуловерлер, свитерлер, кардигандар, тоқылған кофталар, жилеттер және осындай бұйымдар сияқты тоқылған немесе тоқыма бұйымдар және басқа да дайын бұйымдар өндірісі |
Арнайы киім өндірісі | 1412 | Арнайы киім өндірісі | ||
Сырт киім өндірісі | 1413 |
Ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған сырт киім: пальто, костюмдер, жакеттер, шалбарлар, белдемшелер өндірісі | ||
11 | Іш киім | Іш киім өндірісі | 1414 | Әйелдер мен балаларға арналған тоқылған немесе трикотаж маталардан, шілтерден жасалған іш киімдер және түнгі киімдер: жейделер, футболкалар, кальсондар, келтекейлер, пижамалар, түнгі жейделер, көйлектер, блузалар, ішкі белдемшелер, комбинациялар, төскиімдер, корсеттер өндірісі |
Тоқылған және тоқыма шұлық бұйымдарының өндірісі | 1431 | Шұлықтарды, триколарды және ұйықтарды қоса алғанда, шұлық бұйымдарының өндірісі | ||
12 | Тоқыма және былғары бұйымдарды өндіруге арналған материалдар | Тоқыма бұйымдарын өңдеу | 13 |
Аралас, жасанды немесе синтетикалық иірілген жіпті (полипропилен) қоса алғанда, мақта-мата өндірісі |
13 | Аяқ киім және оның жабдықтары | Аяқ киім өндірісі | 1520 |
Қалыптауды қоса алғанда, аяқ киімді кез келген материалдардан және тәсілмен жасау |
2. ҮЙГЕ ЖӘНЕ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН БҰЙЫМДАР | ||||
14 | Тұрмыстық химия | Сабын және жуу құралдарының, тазартқыш және жылтыратқыш заттар өндірісі | 2041 |
Органикалық беткі-белсенді препараттар өндірісі |
15 | Кілемдер | Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі | 1393 |
Кілемдер, паластар және төсеніштер, едендік жабындар қамтылатын тоқыма жабындарының өндірісі |
16 | Үйге арналған тоқыма және басқа да бұйымдар | Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі | 1392 |
Тоқылған немесе тоқыма маталарды қоса алғанда, кез келген тоқыма материалынан дайын бұйымдар өндірісі: пледті қоса алғанда, жүн көрпе, төсек-орын, асхана, дәретхана немесе ас үй маталары, сырма көрпе, мамық көрпе, пуфиктер, жастықтар, ұйықтауға арналған қаптар өндірісі |
Тоқыма жаймаларының өндірісі | 1391 | Тоқылған немесе тоқыма маталар жасау және өңдеу: түкті маталар, тор көзді және шілтер маталар өндірісі | ||
17 | Шаруашылықта пайдаланылатын тұрмыстық тауарлар | Тауарларға арналған пластик қаптамалар өндірісі | 2222 | Тауарларды орауға арналған пластик бұйымдар: пластик пакеттер, қаптар, шұңғыл ыдыстар, қораптар, жәшіктер, үлкен бөтелкелер, бөтелкелер өндірісі |
Өзге де пластик бұйымдар өндірісі | 2229 | Жиһаз фурнитурасының, офистік немесе мектеп керек-жарақтарының, киім заттарының (түймелер мен сыдырмалар), ас үй және дәретхана керек-жарақтарының, дастархан, пластик бас киімдер (каскалар) және пластиктен жасалатын өзге де өндірісі | ||
Қуыс шыны бұйымдарының өндірісі | 2313 |
Шыныдан немесе хрустальдан бөтелкелер мен қуыс ыдыстар өндірісі | ||
18 | Жиһаз | Офистік және студия жиһазының өндірісі | 3101 |
Орындықтар мен отыруға арналған жиһаз өндірісі |
Ас үй жиһазының өндірісі | 3102 | Ас үй жиһазының өндірісі | ||
Басқа да жиһаз өндірісі | 3109 |
Дивандар, диван-кереуеттер өндірісі | ||
19 | Жиһаз өңдіруге арналған материалдар | Шпон, фанера, жұқа тақтайлар мен панельдер өндірісі | 1621 |
Жоңқасы нысаналы бағытталған сүрек-жоңқалы тақтайлар өндірісі |
20 | Матрастар | Матрастар өндірісі | 3103 |
Матрастар: серіппесі бар немесе тығыздалған; серпінділікті ұстап тұратын материалы бар матрастар; қапталмаған резеңке немесе пластик матрастар өндірісі. |
21 | Тұрмыстық электроника аспаптарының өндірісі | Механикалық шамаларды өлшеуге арналған аспаптар өндірісі | 2651 |
Жылу жүйелеріне арналған температураны бақылау аспаптарының өндірісі |
Электр-тұрмыстық аспаптар өндірісі | 2751 | Өзге де тұрмыстық электр аспаптарының: электр сужылытқыштар, тасымалданатын электржылытқыштар, электрпештер, электр жылытқыштар өндірісі | ||
Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі | 2720 |
Бастапқы элементтер: құрамында марганец, сынап, күміс диоксиді бар батарея элементтерінің өндірісі | ||
22 | Жарықтандыру құралдары | Электрмен жарықтандыру жабдықтарының өндірісі | 2740 |
Шамдар (мысалы, карбидті, электр, газ, газoлин) өндірісі |
3. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ | ||||
23 | Құрылыс материалдары | Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі | 2223 |
Пластикалық құрылыс бұйымдарының: |
Бастапқы қалыптағы пластмасса өндірісі | 2016 | Полипропилен мен полистирол өндірісі | ||
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндірісі | 2030 |
Бояулар, лактар мен эмальдар өндірісі | ||
Желім өндірісі | 2052 | Резеңке желім мен дайын желімдеу құрамдарын қоса алғанда, желім мен дайын желімдеу құрамдарының өндірісі | ||
24 | Есіктер мен терезелер | Металдан жасалған есіктер мен терезелер өндірісі | 2512 | Металл есіктер, терезелер мен жақтаулар, терезе қақпалары мен қақпалар өндірісі |
25 | Цементті қоспағанда, әрлеу материалдары | Әк және құрылыс гипсінің өндірісі | 2352 |
Құрылыс (кальцийлендірілген гипс немесе натрий сульфаты) гипсін өндіру |
III. ӨЗГЕ | ||||
26 | Химия | Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстар өндірісі | 2015 | Тыңайтқыштар: азот немесе құрамында азот бар, фосфор немесе калий тыңайтқыштарын, шикі мұнайдан алынған несепнәр, табиғи фосфаттар және табиғи калий тұздарының өндірісі |
Пестицидтер мен басқа да агрохимиялық өнімдер өндірісі | 2020 |
Инсектицид/жәндіктерге қарсы заттар, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, акарицидтер, молюстицидтер, биоцидтер өндірісі | ||
27 | Қағаз және қағаз бұйымдары | Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарының өндірісі | 1722 |
Жеке гигиена мақсатында пайдалануға арналған қағаз өнімдерінің және целлюлоза мақта тығыздамасы өндірісі: қағаз сулықтар, қолорамалдар, сүлгілер, дәретхана қағазы, гигиеналық сүлгілер мен тампондар, балалар жаялықтары мен жөргектері, қағаз стақандар, тәрелкелер және подностар, қағаз және картон ыдыстар өндірісі |
28 | Металдан жасалған бұйымдар | Бекіту бұйымдарының өндірісі | 2594 |
Тойтарма және бұрандасыз ұқсас өнімдер өндірісі |
Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндірісі | 2592 |
Тамақ өнімдері үшін консерві банкілерін, шақшалар, қораптар, жәшіктер өндірісі | ||
29 | Электр өткізгіш өндірісі | Электр өткізгіш және кабельдің басқа түрлерінің өндірісі | 27320 | Алюминийден және мыстан жасалған тоқ жүретін желілері бар өткізгіштер мен кабельдер өндірісі |
30 | Велосипедтер, арбалар | Велосипедтер және мүгедектерге арналған арбалар/креслолар өндірісі | 3092 |
Моторсыз велосипедтерді және үш дөңгелекті велосипедтерді, тандемдерді, балалар велосипедін және үш дөңгелекті велосипедтерді қоса алғанда, өзге де ұқсас көлік құралдарының өндірісі |
31 | Басқа тауар позициялары | Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдарының өндірісі | 1396 |
Тоқылмаған жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, қысылған маталар өндірісі |
32 | Білім беру | Тұрғын үйдің басқа түрлеріндегі көрсетілетін қызметтер | 5590 | Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және реконструкциялау |
Білім беру | 85 | Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және реконструкциялау | ||
33 | Туризм* | Қонақ үйлердің қызметтер ұсынуы | 5510 | Орналастыру орындарын салу (қонақ үй, санаторий, люкс класты отель, мотельдер) |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру | 5520 | Орналастыру орындарын салу (балаларға арналған немесе басқа демалыс үйлері, пәтерлер мен қонақтар үшін бунгалолар, тазалау немесе тамақтандыру қызметтерін көрсетпейтін коттедждер мен үйлер, жастар туристік лагерьлері, таудағы турбазалар және т.б.) | ||
Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер | 5530 | Орналастыру орындарын салу (кемпингтер, трейлер парктері, ойын-сауық қалашықтары, аң аулау немесе балық аулау үшін пайдаланылатын жерлер, автомобиль демалысына арналған үй-жайлар мен керек-жарақтар) | ||
Аурухана ұйымдарының қызметі | 8610 | Санаторийлік-курорттық мекемелердің құрылысы | ||
Басқа санаттарға жатқызылмаған жерүсті жолаушылар тасымалдарының басқа түрлері | 4939 | Тау шаңғысы курорттарын салу, егер қалалық және қалааралық көлік тасымалдары жүйесіне кірмейтін болса, конвейерлерді, аспалы жолдарды, тау шаңғысы көтергіштерін және аспалы көтергіштерді басқару | ||
34 | Көлік және қоймалау** | Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі | 52 | Көліктік транзиттік терминалдарды, құрғақ порттарды, қойма үй-жайларын салу |
* Алакөл көлі жағалауында (ШҚО, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (СҚО), Алматының таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай, Нарынқол аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекара маңындағы аумақтары.