"Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 3 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 3-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      2) 7-тармақтағы екінші абзацтағы "белгіленген" деген сөзден кейін "үш еселік" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 11-тармақтағы "Заңды" деген сөз "Дербес салық төлеуші болып табылмайтын заңды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-тармақта:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "жасай отырып, көрсетілген" деген сөздер "жасай отырып, әкімшілік қамақ қолданылуы мүмкін емес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-тармақта:

      бірінші абзацтағы үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот ӘҚБтК-нің 829-11-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың анықталғанын ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамға қатысты салынған және ӘҚБтК-нің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұлдың мөлшерін, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан асырмай қысқартуға құқылы (ӘҚБтК-нің 829-11-бабының екінші бөлігі).";

      екінші абзац алып тасталсын;

      6) мынадай мазмұндағы жаңа 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді не Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі КК) 24-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әкімшілік жазаны қолдану кезінде соттар кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы уәкілетті органның мәліметтерін бағалау барысында бұл норманың мұндай адамдарды шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілері деп тануға тыйым салатынын ескеруі тиіс.

      Коммерциялық емес ұйымдарға әкімшілік жазаны қолдану кезінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы уәкілетті органның мәліметтері КК-нің 23-бабына сәйкес ескерілмейді.";

      7) 16-тармақта:

      бірінші абзацтағы "сот сатыларына" деген сөздер "сотқа" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптаманы тағайындау немесе өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған кезде сот ісін жүргізу мерзімінің өтуін тоқтата тұрады.";

      8) 18-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Аталған мән-жайлар" деген сөздер "Кінәлілігі туралы түйіндер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "ӘҚБтК-нің 62-бабында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзiмдерiнiң сақталуын тексеру әкімшілік жазаны қолдану туралы мәселені шешу кезінде жүргізіледі. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыларды қайта қарау барысында осы мерзімдердің сақталуы жазаны қолдану туралы қаулы шығарылған сәтте тексерілуі тиіс.";

      9) мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. ӘҚБтК-нің 62-бабына ескертпеге сәйкес ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігінің бабында көзделген белгілі бір әрекеттің бірыңғай құрамының үздіксіз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады. Бұл ретте ӘҚБтК-нің 804-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының құқық бұзушылықты анықтағанын анықтау сәті деп есептеген жөн.";

      10) 19-тармақ алып тасталсын;

      11) 22-тармақта:

      бірінші абзацтағы "айға" деген сөз "айдан алты айға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы:

      "73," деген цифрлардан кейін "73-1, 73-2," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "және әкімшілік жазаға қайта тартылып отырған кәмелетке толмағандарға қолданылады" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

О внесении изменений и дополнений в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 22 декабря 2016 года № 12 "О некоторых вопросах применения судами норм Общей части Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях"

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 3

      1. Внести в вышеуказанное нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в пункте 3 абзац второй исключить;

      2) в пункте 7 в абзаце втором после слова "понимается" дополнить словом "трехкратный";

      3) в пункте 11 после слова "лица" дополнить словами ", не являющимся самостоятельным налогоплательщиком,";

      4) в пункте 13:

      абзац второй исключить;

      в абзаце третьем:

      слово "таких" исключить;

      после слова "лиц" дополнить словами ", к которым не может применяться административный арест,";

      5) в пункте 14:

      в абзаце первом третье предложение изложить в следующей редакции:

      "С учетом установления обстоятельств, указанных в части первой статьи 829-11 КоАП, суд вправе сократить размер административного штрафа, наложенного на лицо, в отношении которого возбуждено дело об административном правонарушении, и исчисляемого согласно абзацу первому части первой статьи 44 КоАП, но не более чем на тридцать процентов от общей суммы штрафа (часть вторая статьи 829-11 КоАП).";

      абзац второй исключить;

      6) дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:

      "14-1. При наложении административного взыскания на индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих производство и (или) оптовую реализацию подакцизной продукции, либо иные виды деятельности, перечисленные в пункте 4 статьи 24 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан (далее ПК), судам при оценке сведений уполномоченного органа о категории субъекта предпринимательства следует учитывать, что данной нормой запрещается признание таких лиц субъектами малого предпринимательства и микропредпринимательства.

      При наложении административного взыскания на некоммерческие организации сведения уполномоченного органа о категории субъекта предпринимательства в соответствии со статьей 23 ПК не учитываются.";

      7) в пункте 16:

      в абзаце первом слова "судебные инстанции" заменить словом "суд";

      в абзаце втором второе предложение изложить в следующей редакции:

      "При назначении экспертизы или вынесении судом определения о приводе лица, в отношении которого ведется производство по делу, судом приостанавливается течение срока судопроизводства.";

      8) в пункте 18:

      в абзаце первом слова "Данные обстоятельства" заменить словами "Выводы о виновности";

      дополнить абзацем вторым следующего содержания:

      "Проверка соблюдения установленных статьей 62 КоАП сроков давности привлечения к административной ответственности производится на момент разрешения вопроса о наложении административного взыскания. При пересмотре постановлений о наложении административного взыскания соблюдение данных сроков подлежит проверке на момент вынесения постановления о наложении взыскания.";

      9) дополнить пунктом 18-1 следующего содержания:

      "18-1. В соответствии с примечанием к статье 62 КоАП длящимся признается правонарушение, которое характеризуется непрерывным осуществлением единого состава определенного деяния, предусмотренного статьей Особенной части КоАП, и не завершено к моменту его обнаружения. При этом моментом обнаружения следует считать обнаружение правонарушения должностным лицом уполномоченного государственного органа, имеющим право составлять протоколы об административных правонарушениях в соответствии со статьей 804 КоАП.";

      10) пункт 19 исключить;

      11) в пункте 22:

      в абзаце первом слова "до трех" заменить словами "от трех до шести";

      в абзаце втором:

      после цифр "73," дополнить цифрами "73-1, 73-2,";

      слова "и распространяется на несовершеннолетних, которые привлекаются к административной ответственности повторно" исключить.

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Верховного Суда
Республики Казахстан
Ж. Асанов
     
      Судья Верховного Суда
Республики Казахстан, секретарь
пленарного заседания
Г. Альмагамбетова