2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2019 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;
3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасасын.
4. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 48 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2019 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары
1. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2019 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;
2) "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 37 968 616 000 (отыз жеті миллиард тоғыз жүз алпыс сегіз миллион алты жүз он алты мың) теңге және 042 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 111 900 000 (жүз он бір миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;
3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;
4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2020 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.
2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.