"Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 69 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін күзетуді 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.

      Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:

      1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы прокуратураларының әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністері;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жатады.";

      6-тармақтың 4-2) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін, бекеттердің орналасуы мен күзет түрін объектілердің меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, бөлімшелер мен объектілер әкімшілігі өкілдерінің құрамы жарты жылда бір реттен сиретпей жүргізетін комиссиялық тексерістер нәтижелерінің негізінде объект басшысы мен бөлімшелер белгілейді.

      Мемлекеттік күзетілуі тиіс шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін сыртқы тексеру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің және объектінің меншік иесінің қатысуымен жүргізіледі.

      Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ведомстволық бағынысты объектілердің техникалық нығайтылуын республикалық және жергілікті бюджеттерде оларды ұстауға көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін талаптарға сәйкес келтіреді.

      Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілердің техникалық нығайтылуы олардың өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін талаптарға сәйкес келтіріледі.

      Монтаждау-ретке келтіру қызметтерін көрсету саласындағы нарықтың одан әрі жетілуі мен дамуын ескере отырып, уәкілетті органдар мен бөлімшелер қосымша қорғау шебі ретінде объектілер қауіпсіздігінің осы талаптарда айтылмаған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында декларацияланған және сертификатталған қазіргі заманғы өзге де техникалық жүйелері мен құралдарын ұсына алады.";

      6-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

      3) С санаты – Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың; Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы прокуратураларының әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң объектiлерi, оның филиалдары мен сақтау қоймалары; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектiлерi; ғарыш инфрақұрылымының объектілері.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аумағы бар мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

      Осы тармақтың талаптары "Үкімет үйі", "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараттарына, Қазақстан Республикасының Парламенті ғимараттар кешеніне қолданылмайды.

      Көрсетілген объектілер адамдарды есепке алу контингентінің санаттары бойынша танып білуді, объектілер мен жағдайларды бейнебақылау камералары бойынша табуды қамтамасыз ететін зияткерлік ақпараттық жүйелермен жарақтандырылады.

      Ескертпе: негіздер мен құралдар жеткілікті болған кезде магистральдық құбыржолдар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті орап өтіп, объектілердің күзетілетін аймақтарына еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2019 года № 69.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2011 года № 1151 "Некоторые вопросы объектов, подлежащих государственной охране" (САПП Республики Казахстан, 2011г., № 56, ст. 800) следующие изменения:

      в Правилах определения объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      абзац третий пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Охрана иностранных дипломатических представительств, иностранных консульских учреждений, международных организаций и представительств международных организаций в соответствии с Венской конвенцией о дипломатических сношениях от 18 апреля 1961 года, Венской конвенцией о консульских сношениях от 24 апреля 1963 года и иными международными договорами Республики Казахстан обеспечивается специализированными охранными подразделениями органов внутренних дел Республики Казахстан согласно перечню, представляемому ежегодно Министерством иностранных дел в Министерство внутренних дел Республики Казахстан.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. К особо важным государственным относятся объекты, нарушение целостности которых может негативно повлиять на безопасность государства, четкую реализацию возложенных на него функций, привести к значительному ущербу экономике, осложнить межгосударственные отношения, а также имеющие важное значение для государства и общества.

      К категории особо важных государственных объектов относятся:

      1) административные здания и объекты центральных и местных исполнительных государственных органов Республики Казахстан республиканского и областного значения, Верховного Суда Республики Казахстан, местных и других судов, Генеральной прокуратуры, прокуратуры областей, прокуратуры городов республиканского значения и столицы Республики Казахстан, городские и приравненные к ним военные и другие специализированные прокуратуры, Комитет по правовой статистике и специальным учетам и его территориальные подразделения;

      2) объекты Национального Банка Республики Казахстан, его филиалы и хранилища;

      3) расположенные на территории Республики Казахстан иностранные дипломатические представительства, иностранные консульские учреждения, международные организации и представительства международных организаций.";

      подпункт 4-2) пункта 6 исключить;

      подпункт 1) пункта 7 исключить;

      в требованиях по инженерно-технической укрепленности объектов, подлежащих государственной охране, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Соответствие инженерно-технической укрепленности объектов установленным требованиям, дислокация постов и вид охраны, независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности объектов, определяются руководителями объектов и подразделениями на основании результатов комиссионных обследований, проводимых не реже одного раза в полугодие в составе представителей подразделений и администраций объектов.

      Внешние обследования иностранных дипломатических представительств, иностранных консульских учреждений, международных организаций и представительств международных организаций, подлежащих государственной охране, проводятся с участием представителей подведомственных организаций Министерства иностранных дел Республики Казахстан и собственника объекта.

      Государственными и местными исполнительными органами техническая укрепленность подведомственных объектов приводится в соответствии с требованиями, определяемыми Правительством Республики Казахстан, в пределах средств, предусмотренных в республиканском и местных бюджетах на их содержание.

      Техническая укрепленность объектов, находящихся в собственности физических и юридических лиц, приводится в соответствии с требованиями, определяемыми Правительством Республики Казахстан, за счет их собственных средств.

      С учетом дальнейшего совершенствования и развития рынка в сфере оказания монтажно-наладочных услуг уполномоченными органами и подразделениями в качестве дополнительных рубежей защиты могут предлагаться и иные современные технические системы и средства безопасности объектов, не оговоренные в настоящих требованиях, декларированные и сертифицированные на территории Республики Казахстан в соответствии с действующим законодательством.";

      подпункты 2) и 3) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) категория В - объекты Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований; объекты водного хозяйства - гидротехнические сооружения: гидроузлы, шлюзы, плотины; водохранилища, объекты и обособленные помещения организаций по разработке, производству, испытанию и хранению взрывчатых, ядовитых, особо опасных, бактериологических, биологических и химических веществ; объекты жизнеобеспечения;

      3) категория С - административные здания и объекты центральных и местных исполнительных государственных органов Республики Казахстан, Верховного Суда Республики Казахстан, местных и других судов; Генеральной прокуратуры, прокуратуры областей, прокуратуры городов республиканского значения и столицы Республики Казахстан, городские и приравненные к ним военные и другие специализированные прокуратуры, Комитет по правовой статистике и специальным учетам и его территориальные подразделения; объекты Национального Банка Республики Казахстан, его филиалы и хранилища; расположенные на территории Республики Казахстан иностранные дипломатические представительства, иностранные консульские учреждения, международные организации и представительства международных организаций; объекты связи, теле- и радиовещания республиканского значения; объекты космической инфраструктуры.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Объекты, подлежащие государственной охране, имеющие территорию, оборудуются по периметру ограждением, препятствующим свободному проходу лиц и проезду транспортных средств на объект и с объекта, минуя КПП.

      Требования настоящего пункта не распространяются

      на административные здания "Үкімет Үйі", "Дом министерств", комплекс зданий Парламента Республики Казахстан.

      Указанные объекты оснащаются интеллектуальными информационными системами, обеспечивающими распознавание лиц по категориям учетного контингента, обнаружение объектов и ситуаций по камерам видеонаблюдения.

      Примечание: при наличии достаточных оснований и средств магистральные трубопроводы и территории месторождений также могут оборудоваться ограждением, препятствующим свободному проходу лиц и проезду транспортных средств в охранные зоны объектов, минуя КПП.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев