"Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
"
Р/с № | Атауы |
1 | 2 |
1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері | |
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер | |
1. | "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
2. | "Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану" |
". |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |