"Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 82 қаулысы.

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Атауы

1

2

1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы" (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

2.

"Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану"

  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады