Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 154 қулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі.".

      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтер көрсетудің жеке тәртібі белгіленетін ЖПТЖ-ның негізгі пайдаланушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР Қорғанысмині), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі және мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе бойынша басқа да мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) болып табылады.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      4. "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзіретті органын және құзіретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 231 қаулысында:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі – құзыретті органдар болып айқындалсын".

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2019 года № 154.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 3 апреля 2019 года № 154

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2000 года № 1006 "Об определении субъектов, имеющих право пользования оружием и военной техникой":

      в перечне субъектов, имеющих право пользования оружием и военной техникой, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Служба экономических расследований органов по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан.".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 января 2001 года № 164 "Об утверждении Правил подготовки и использования сетей телекоммуникаций общего пользования, ресурсов единой сети телекоммуникаций для нужд государственных органов, органов обороны, безопасности и охраны правопорядка Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 4-5, ст. 53):

      в Правилах подготовки и использования сетей телекоммуникаций общего пользования, ресурсов единой сети телекоммуникаций для нужд государственных органов, органов обороны, безопасности и охраны правопорядка Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Основными пользователями СТОП, для которых устанавливается отдельный порядок предоставления услуг, являются: Комитет национальной безопасности Республики Казахстан (далее - КНБ РК), Министерство обороны Республики Казахстан (далее - МО РК), Министерство внутренних дел Республики Казахстан (далее - МВД РК), Служба государственной охраны Республики Казахстан (далее - СГО РК), Служба экономических расследований органов по финансовому мониторингу и органы государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан, другие государственные органы по перечню, определенному Правительством Республики Казахстан: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, Министерство информации и коммуникаций Республики Казахстан, Министерство энергетики Республики Казахстан, Министерство здравоохранения Республики Казахстан (далее - государственные органы).".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2009 года № 1899 "Об утверждении Соглашения об обмене информацией в сфере борьбы с преступностью":

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в соответствии с пунктом 3 статьи 1 указанного Соглашения информировать депозитарий, что компетентными органами по его исполнению от Республики Казахстан являются Генеральная прокуратура, Министерство внутренних дел, Служба государственной охраны, Комитет национальной безопасности, Агентство по делам государственной службы и противодействию коррупции, Служба экономических расследований органов по финансовому мониторингу Министерства финансов.".

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 734 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2018 года № 231 "Об определении центрального компетентного органа и компетентных органов Республики Казахстан по Соглашению о сотрудничестве государств-участников Содружества Независимых Государств в борьбе с хищениями автотранспортных средств и обеспечении их возврата":

      абзац третий пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "компетентными органами - Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Генеральную прокуратуру Республики Казахстан (по согласованию), Национальное бюро по противодействию коррупции Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции (по согласованию), Службу экономических расследований органов по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан.".