РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі
Р/с № | Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) атауы | Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi |
1 | 2 | 3 |
1. | Аджип Каспиан Си Б.В. филиалы | 951241000676 |
2. | "Аджип Қарашығанақ Б.В." жауапкершілігі шектеулі компаниясының филиалы | 980741000518 |
3. | Нұр-Сұлтан қаласындағы "ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В." филиалы | 150241007099 |
4. | "Би Джи Қарашығанақ Лимитед (Ақсай қаласы)" филиалы | 020941003629 |
5. | "ИНПЕКС НОРТ КАСПИАН СИ, ЛТД." Қазақстан Республикасындағы филиалы | 981141000608 |
6. | Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. Қазақстан филиалы | 981141001567 |
7. | "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." Қазақстандағы өкілдігі | 010342004947 |
8. | "Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В." филиалы | 070441004212 |
9. | Қазақстан Республикасындағы "Тоталь Е энд П Дунга ГмбХ" филиалы | 000941000344 |
10. | Қазақстан Республикасындағы "ҚМГ Қашаған Б.В." жауапкершілігі шектеулі жеке компаниясының филиалы | 060441007176 |
1 | 2 | 3 |
11. | "ҚҰМҚ Қазақстан Б.В." филиалы | 130941014271 |
12. | "ЛУКОЙЛ Оверсиз Карачаганак Б.В." филиалы | 010541004364 |
13. | "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы | 000241000874 |
14. | "Оман Ойл Компани Лимитед" Ақтаудағы филиалы | 980241003732 |
15. | "Партекс (Қазақстан) Корпорэйшн" Қазақстан Республикасындағы филиалы | 980541003773 |
16. | "Сайгак Казахстан Б.В." компаниясының филиалы | 100941010888 |
17. | "Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани" компаниясының филиалы | 980741001289 |
18. | "Шеврон Интернэшнл Петролеум Компани" филиалы | 120141013034 |
19. | "Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед, Қазақстан" филиалы | 980841002171 |
20. | "ЭксонМобил Қазақстан Инк." корпорациясының Қазақстан Республикасындағы филиалы | 970441000307 |
21. | "Oman Pearls Company Limited" (Оман Перлз Компани Лимитед) Компаниясының Қазақстан Республикасындағы, Алматы қаласындағы филиалы | 060241016207 |
22. | "РН-Эксплорейшн" жауапкершілігі шектеулі коғамының Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы | 050741000396 |
23. | "РН-Эксплорейшн" жауапкершілігі шектеулі коғамының Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласындағы филиалы | 060641001154 |
24. | Қазақстан Республикасындағы "Shell Kazakhstan Development BV" - "Шелл Қазақстан Девелопмент БВ" Фирмасының филиалы | 971241001846 |
25. | Қазақстан Республикасындағы "Total E&P Kazakhstan" / "Тоталь Э энд П Қазақстан" филиалы | 930841000433 |