"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысына 1-қосымша |
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік органдардың өкілдері
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Омаров Сапархан Кесікбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Дəленов Руслан Ерболатұлы | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі |