"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар өкілдерінің "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

      "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі "ҚазАгро" холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін айқындайды.

      "ҚазАгро" холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ тәуелсіз директорлар мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.".

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 377 қаулысына
1-қосымша

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік органдардың өкілдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 22.04.2019 № 218; өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.11.2019 № 838 қаулыларымен.

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Омаров Сапархан Кесікбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Мəдиев
Жаслан Қасенұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

     

  Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 377 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 538 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 829 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 298 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 576 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 7-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қарашадағы № 1024 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1078 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      10. "Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2289 қаулысы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1378 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 206 қаулысы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 421 қаулысы.

      16. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1093 қаулысы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 10 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 302 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

      19. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1257 қаулысы.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 167 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады