Павлодар облысының "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі "М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 234 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі "М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі "Естай атындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин







О переименовании коммунального государственного казенного предприятия "Детская музыкальная школа имени М.И. Глинки отдела образования акимата города Экибастуза" Павлодарской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2019 года № 234.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать коммунальное государственное казенное предприятие "Детская музыкальная школа имени М.И. Глинки отдела образования акимата города Экибастуза" в коммунальное государственное казенное предприятие "Детская музыкальная школа имени Естая отдела образования акимата города Экибастуза".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин