"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 266 қаулысы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 субаймақ: ауданы 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы 1350,0 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар кіреді.".

      "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 266 қаулысымен
бекітілген
  "TURKISTAN" арнайы
экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша

"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ шекараларының жоспары



      4 субаймақтың жалпы ауданы S= 1938,0

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 "О создании специальной экономической зоны "TURKISTAN"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 266

      В соответствии с пунктом 4 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 3 апреля 2019 года "О специальных экономических и индустриальных зонах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2018 года № 693 "О создании специальной экономической зоны "TURKISTAN" следующие изменения:

      в Положении о специальной экономической зоне "TURKISTAN", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Специальная экономическая зона "TURKISTAN" расположена в пределах территориальной границы Туркестанской области, в границах согласно прилагаемому плану.

      Территория СЭЗ является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан и составляет 1938,0 гектара. В состав территории СЭЗ входят 4 субзоны: исторический центр площадью 188,0 гектаров, административный деловой центр площадью 1350,0 гектаров, промышленные зоны площадью 365 гектаров и 35 гектаров.";

      Приложение к Положению о специальной экономической зоне "TURKISTAN" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение к
постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 8 мая 2019 года № 266
  Приложение
к Положению о специальной
экономической зоне
"TURKISTAN"

План границ специальной экономической зоны "TURKISTAN"

     


      "TURKISTAN" Общая площадь 4-х субзон S = 1938,0