"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайынғы негізде:
1) Астана халықаралық форумын өткізуді қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.02.2023 № 130 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |