Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлерінің санатынан жалпы ауданы 7,7 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қора өзенінде 2-ші су электр станциясын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің "Коринская ГЭС-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 336 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде:

орман көмкерген

алаңкай жерлер

жайылымдар

өзге жерлер

1

2

3

4

5

6

"Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7,7

6,3

0,1

1

0,3

Барлығы:

7,7

6,3

0,1

1

0,3


О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2019 года № 336

      В соответствии со статьей 130 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года и статьей 51 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Перевести земельные участки общей площадью 7,7 гектара из категории земель лесного фонда коммунального государственного учреждения "Талдыкорганское лесное хозяйство" государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области" в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Акиму Алматинской области в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить предоставление товариществу с ограниченной ответственностью "Коринская ГЭС-2" (далее - товарищество) земельных участков, указанных в пункте 1 настоящего постановления, для строительства 2-й гидроэлектростанции на реке Кора.

      3. Товариществу (по согласованию) в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства, и принять меры по расчистке площади с передачей полученной древесины на баланс указанного учреждения.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 мая 2019 года № 336

Экспликация земель, переводимых из категории земель лесного фонда в категорию земель промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения

Наименование
землепользователя

Общая
площадь,
гектаров

в том числе:

покрытая
лесом

прогалины

пастбища

прочие земли

1

2

3

4

5

6

Коммунальное государственное учреждение "Талдыкорганское лесное хозяйство" государственного учреждения "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Алматинской области"

7,7

6,3

0,1

1

0,3

Всего:

7,7

6,3

0,1

1

0,3