2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа көлік жолы айрығын салу үшін орман қоры жерлерінің санатынан мынадай жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын:
1) Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлерінен алаңы 13,6248 гектар;
2) Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлерінен алаңы 5,53 гектар;
3) Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жерлерінен алаңы 50,2174 гектар.
2. Қарағанды облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің жаңа көлік жолы айрығын салу үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – комитет) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 385 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде: | |||||
орман көмкерген | егістік | жайылым | алаңқайлар | саз | өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 13,6248 | 2,0024 | - | 0,1648 | 3,1231 | - | 8,3345 |
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 5,53 | - | - | 5,53 | - | - | - |
50,2174 | 0,3 | 27,3625 | 13,4549 | - | 9,1 | - |