"Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 397 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 38-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 маусымдағы
№ 397 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрленген.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.

      3. Ерекше мәртебе – жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі.

      4. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорлары заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкiлеттiгi

      5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;

      3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;

      5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;

      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;

      8) білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;

      9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;

      12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын және қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу;

      15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;

      16) кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын енгізу;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну;

      20) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындау;

      21) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тағайындау;

      22) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беру жатады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды

3-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру

      6. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы:

      1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық бiлiм беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тұрақты жоғары деңгейіне кепілдік береді;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әрбiр білім алушысының, оқытушысының және қызметкерiнің жеке басының бiлiм, рухани, мәдени және зияткерлік дамуы үшін барынша жағдайлармен қамтамасыз етеді;

      3) оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, ғылыми қызметтің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми, білім беру және өзге де көрсетілетін қызметтерден түсетін қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады;

      4) әлемдiк ғылыми-бiлiм беру кеңiстiгінде білім берудің, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жүйелi түрде мониторинг жүргiзеді әрі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру жүйесiне енгізу үшiн бiлiм беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

4-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру

      7. Арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициентін есепке ала отырып айқындалады.

      8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5-ке дейін арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Лауазымдық айлықақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазым санаттарына қарай сараланып белгіленеді және оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры бекітеді.

      9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 "Об утверждении Положения об особом статусе высших учебных заведений"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2019 года № 397.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 66 "Об утверждении Положения об особом статусе высших учебных заведений" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 5, ст. 38) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Положения об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемое Положение об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования.";

      Положение об особом статусе высших учебных заведений, утвержденное указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 13 июня 2019 года № 397
  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 февраля 2017 года № 66

Положение об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования

Глава 1. Общие положения

      1. Положение об особом статусе организаций высшего и (или) послевузовского образования разработано в соответствии с подпунктом 12) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании".

      2. Правительство Республики Казахстан вносит представление Президенту Республики Казахстан о присвоении особого статуса организациям высшего и (или) послевузовского.

      3. Особый статус – статус организации высшего и (или) послевузовского образования, присваиваемый Президентом Республики Казахстан, за внесение выдающегося вклада в воспитание, обучение и профессиональное становление личности, обеспечение стабильно высокого уровня высшего и (или) послевузовского образования.

      4. Ректоры организаций высшего и (или) послевузовского образования, имеющие особый статус, назначаются и освобождаются от должности в установленном законодательством порядке.

Глава 2. Полномочия организаций высшего и (или) послевузовского образования, имеющих особый статус

      5. К компетенции организации высшего и (или) послевузовского образования, имеющие особый статус, относятся:

      1) разрабатывать и утверждать образовательные программы высшего и послевузовского образования в соответствии с государственными общеобязательными стандартами образования;

      2) определять квалификационные характеристики должностей работников организаций высшего и (или) послевузовского образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) разрабатывать и утверждать правила конкурсного замещения должностей профессорско-преподавательского состава и научных работников;

      4) разрабатывать и утверждать форму договора оказания образовательных услуг и договора на проведение профессиональной практики;

      5) осуществлять образовательную деятельность на основе самостоятельно разработанных норм учебной нагрузки, форм и размеров оплаты труда;

      6) разрабатывать и утверждать правила приема в организацию высшего и (или) послевузовского образования;

      7) разрабатывать программы развития организации высшего и (или) послевузовского образования;

      8) присуждать обучающимся степени "бакалавр" и "магистр";

      9) разрабатывать и утверждать правила организации и проведения профессиональной практики и правила определения организаций в качестве баз практики;

      10) разрабатывать и утверждать правила перевода и восстановления обучающихся в соответствии с типовыми правилами деятельности организаций высшего и (или) послевузовского образования;

      11) предоставлять академический отпуск обучающимся на основании заключения врачебно-консультативной комиссии, повестки о призыве на воинскую службу, рождения, усыновления (удочерения) ребенка до достижения им возраста трех лет;

      12) разрабатывать и утверждать правила внутреннего распорядка;

      13) разрабатывать и утверждать рабочие учебные планы и рабочие учебные программы;

      14) внедрять новые технологии обучения, в том числе кредитные технологии обучения и дистанционные образовательные технологии;

      15) проводить текущий контроль успеваемости, промежуточную и итоговую аттестации обучающихся в соответствии с типовыми правилами деятельности организаций высшего и (или) послевузовского образования;

      16) обеспечивать повышение квалификации и переподготовку кадров;

      17) финансово-хозяйственное и материально-техническое обеспечение, в том числе оснащение оборудованием;

      18) внедрять современные формы профессиональной подготовки кадров;

      19) представлять финансовой отчетности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      20) самостоятельно определять содержание высшего и послевузовского образования не ниже требований соответствующих государственных общеобязательных стандартов образования;

      21) присуждать степени доктора философии (PhD) и доктора по профилю в соответствии с порядком, определенным уполномоченным органом в области образования;

      22) выдавать документы об образовании собственного образца.

      Компетенция организаций высшего и (или) послевузовского образования, предусмотренная в подпунктах 2), 3), 6), 9), 10), 11) и 15) пункта 5, не распространяется на Академию правосудия, военные, специальные учебные заведения.

Глава 3. Организация работы организации высшего и (или) послевузовского образовании, имеющих особый статус

      6. Организация высшего и (или) послевузовского образования, имеющая особый статус:

      1) гарантирует стабильно высокий уровень организации высшего и (или) послевузовского образования, соответствующий мировым стандартам, на основе эффективного использования научно-педагогического потенциала, учебно-материальной базы и инновационных образовательных технологий;

      2) обеспечивает максимальные условия для образовательного, нравственного, культурного и интеллектуального развития каждой личности обучаемого, преподавателя и сотрудника организаций высшего и (или) послевузовского образования;

      3) осуществляет эффективное использование средств и доходов, поступающих от научных, образовательных и иных услуг, направленных на развитие учебно-методической базы, повышение качества научной деятельности, организации высшего и (или) послевузовского образования;

      4) систематически проводит мониторинг развития образования, науки, техники и технологий в мировом научно-образовательном пространстве и вносит предложения в уполномоченный орган в области образования для внедрения в систему высшего и (или) послевузовского образования.

Глава 4. Финансирование организаций высшего и (или) послевузовского образования, имеющих особый статус

      7. Должностные оклады профессорско-преподавательского состава и руководящих работников организаций высшего и (или) послевузовского образования, имеющих особый статус, независимо от организационно-правовой формы, определяются с учетом повышающего коэффициента 1,75 к установленным размерам должностных окладов, за исключением Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан, повышающий коэффициент которых определяется законодательством.

      8. Должностные оклады профессорско-преподавательского состава и руководящих работников Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан определяются с применением повышающего коэффициента до 1,5 к установленным размерам должностных окладов.

      Конкретный размер повышающего коэффициента к должностному окладу устанавливается дифференцированно в зависимости от категории должностей и утверждается ректором Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан.

      9. Должностные оклады профессорско-преподавательского состава и руководящих работников Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы определяются с применением повышающего коэффициента 1,5 к установленным размерам должностных окладов.