Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 494-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ерекше мәртебе – жеке тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі.

      4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкiлеттiгi

      5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;

      3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;

      5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;

      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;

      8) білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;

      9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;

      12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;

      14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын енгізу;

      15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;

      16) кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

      17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;

      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын енгізу;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну;

      20) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өзі дербес айқындау;

      21) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін тағайындау;

      22) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беру жатады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру

      6. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы:

      1) ғылыми-педагогикалық әлеуеттi, оқу-материалдық базаны және инновациялық бiлiм беру технологияларын тиiмдi пайдаланудың негiзiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тұрақты жоғары деңгейіне кепілдік береді;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әрбiр білім алушысының, оқытушысының және қызметкерiнің жеке басының бiлiм, рухани, мәдени және зияткерлік дамуы үшін барынша жағдайлармен қамтамасыз етеді;

      3) оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, ғылыми қызметтің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми, білім беру және өзге де көрсетілетін қызметтерден түсетін қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады;

      4) әлемдiк ғылыми-бiлiм беру кеңiстiгінде білім берудің, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жүйелi түрде мониторинг жүргiзеді әрі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру жүйесiне енгізу үшiн бiлiм беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

4-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру

      7. Арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,2 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5-ке дейін арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Лауазымдық айлықақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазым санаттарына қарай сараланып белгіленеді және оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры бекітеді.

      9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады