Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 421 қаулысымен
бекітілген

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

      1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;

      2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

      3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

      4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

      5) диагностикалық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;

      6) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша ем-дом мен манипуляциялар.

      2. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

      3. Стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек:

      1) ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда;

      2) ауруларды ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу.

      4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту.

      5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

      6. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша және тәртіппен қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

      7. Мынадай:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

      2) уәкілетті орган бекітетін белгілі бір аурулары бар (күйдегі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету.


On approval of the List of medical care in the system of Compulsory Social Health Insurance

Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated June 20, 2019 № 421.

      Unofficial translation

      In accordance with Subparagraph 1) of Article 10 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated November 16, 2015 “On Compulsory Social Health Insurance”, the Government of the Republic of Kazakhstan hereby DECREES AS FOLLOWS:

      1. Approve the attached List of medical care in the system of Compulsory Social Health Insurance.

      2. This Decree shall be enforced from January 1, 2020 and subject to official publication.

      The Prime Minister of the Republic of Kazakhstan A. Mamin

  Approved by
the Decree of the Government of
the Republic of Kazakhstan
dated June 20, 2019 № 421

List of medical care in the system of compulsory social health insurance

      Footnote. The list -in the wording of the resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 16.10.2020 No. 673 (shall enter into force upon expiry of ten calendar days after the day of its first official publication).

      Medical care in the compulsory social health insurance system shall include:

      1. Specialized outpatient care:

      1) preventive medical examinations in a procedure and with a frequency determined by the authorized body, with the exception of preventive examinations within the framework of a guaranteed amount of free medical care (hereinafter referred to as the GAFMC);

      2) reception and consultation by specialized specialists, as well as services of a mobile team at home in case of diseases that shall cause a deterioration in the epidemiological situation in the country and in cases of suspicion of them;

      3) dynamic monitoring by specialized specialists of individuals with chronic diseases in the procedure and with the frequency established by the authorized body;

      4) providing dental care in an emergency and planned form to certain categories of the population according to the list approved by the authorized body;

      5) diagnostic services, including laboratory diagnostics;

      6) procedures and manipulations according to the list determined by the authorized body.

      2. Specialized, including high-tech, medical care in inpatient replacing conditions (with the exception of cases of treatment of diseases within the framework of GAFMC); as well as hospital services at home for diseases that cause a deterioration in the epidemiological situation in the country and in cases of suspicion of them.

      3. Specialized, including high-tech, medical care in inpatient conditions:

      1) in a planned form, with the exception of cases of treatment of diseases within the framework of GAFMC;

      2) in emergency form, including the conduct of medical and diagnostic measures in the reception department of a round-the-clock hospital, with the exception of cases of treatment of diseases within the framework of GAFMC.

      4. Medical rehabilitation in the order and according to the list of diseases determined by the authorized body.

      5. Pathological diagnostics in the provision of specialized medical care in outpatient, inpatient and inpatient conditions.

      6. Preparation of a post-mortem donor for the removal of organs (parts of organs) and (or) tissues (parts of tissue), removal, preservation, procurement, storage, transportation of organs (parts of organs) and (or) tissues (parts of tissue) in the order and according to the list of diseases determined by the authorized body.

      7. Provision of medicines, medical devices, specialized medical products, immunobiological preparations when providing:

      1) specialized, including high-tech, medical care in inpatient and inpatient replacement conditions in accordance with the drug formulas of healthcare organizations;

      2) primary health care and specialized medical care in outpatient conditions in accordance with the list of medicines and medical devices approved by the authorized body for certain categories of citizens with certain diseases (conditions).