Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасының София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясын қайта ұйымдастыру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |