Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018ж., № 68, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29 және 30-жолдармен толықтырылсын:
"
29. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне | СҚА (келісім бойынша) | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан | О.А. Бектенов |
30. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері | МҚІА (келісім бойынша) | Қыркүйек | Қазан | Желтоқсан |
М.Е. |
".
аббревиатуралардың толық жазылуында:
"МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |