"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 663 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы болып қайта аталсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 663 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-76-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-76. "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" АҚ".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 400-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "400. "QazTrade" cауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.".

      3. "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 244-құжат):

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;

      8) "бір терезе" шеңберінде шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2022 № 932 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 497 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы.".

О переименовании акционерного общества "Центр развития торговой политики" в акционерное общество "Центр развития торговой политики "QazTrade"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 сентября 2019 года № 663.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать акционерное общество "Центр развития торговой политики" в акционерное общество "Центр развития торговой политики "QazTrade".

      2. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 сентября 2019 года № 663

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "г. Нур-Султан":

      строку, порядковый номер 21-76, изложить в следующей редакции:

      "21-76. АО "Центр развития торговой политики "QazTrade".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству торговли и интеграции Республики Казахстан":

      строку, порядковый номер 400, изложить в следующей редакции:

      "400. Акционерное общество "Центр развития торговой политики "QazTrade".".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2006 года № 616 "О создании акционерного общества "Центр развития торговой политики" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 23, ст. 244):

      пункт 2 дополнить подпунктами 7) и 8) следующего содержания:

      "7) проведение анализа внешних рынков;

      8) развитие и продвижение несырьевого экспорта в рамках "единого окна".".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 21.11.2022 № 932 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве торговли и интеграции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства и его ведомств:

      строку "акционерное общество "Центр развития торговой политики" изложить в следующей редакции:

      "акционерное общество "Центр развития торговой политики "QazTrade".".