"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 616 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының сыртқы саудасын кеңейту және Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) мүшелiлiгiнiң экономикалық салдарына талдау жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.

      2. Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн:

      1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы шеңберінде талдамалық, консультациялық, ақпараттық, техникалық қолдау көрсету;

      2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      3) халықаралық сауда келiссөздерiне ұстанымдар мен халықаралық экономикалық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде консультациялық қолдау көрсету және сыртқы нарықтарға қол жеткiзуге және халықаралық сауда дауларын шешуге байланысты проблемаларды қарау;

      4) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде ортақ сауда режимiн құру және үшінші елдермен еркiн сауда аймақтарын құру туралы келісімдер жасау жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;

      5) халықаралық сауданың қазiргi заманғы жүйесi және оны реттеу қағидаттары, сауда саясатының шаралары туралы ақпарат пен iлiмдердi тарату, жеке ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелердiң негiзгi персоналының кәсiби деңгейiн арттыру;

      6) сауда саласында зерттеулер жүргізу.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 535; 30.10.2017 № 679 қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:

      1) қоғамның жарғысын бекiтудi және Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қ." деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-76-жолмен толықтырылсын:

      "21-76. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-20-жолмен толықтырылсын:

      "237-20 "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады