Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 551-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі республикалық меншіктегі заңды тұлғалар мен олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 57-жолмен толықтырылсын:
"
57 | Сыйақы үшін немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару | 68321 |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |