Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 5 маусымда Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Тәжікстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |