Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 754 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2015 жылғы 5 маусымда Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші жойылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің күшін жою ниеті туралы Тәжікстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады