Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 757 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 757 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 156 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 11, 60-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерді жерлеу үшін біржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтемақы алу үшін оны алуға құқығы бар адамдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кадр қызметіне, жергілікті немесе басқа соттың судьясы немесе оның судьясы қызметінен зейнеткерлікке шыққан зейнеткер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың соттар әкімшілерінің кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:".

      2. "Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесін және оларды бөлу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 шілдедегі № 663 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың соттар әкімшілерінің сот приставы".

      3. "Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 336 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 152-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия судьяның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккенін (жарақаттанғанын, жараланғанын, контузия алғанын, кәсіби ауруға шалдыққанын) немесе қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын қорытындыны қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сот әкімшілерінің кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) күнтізбелік 7 күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды ұсына отырып, біржолғы өтемақы төлеуге өтінішті беру қажеттілігі туралы жазбаша хабардар етеді:".

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 757.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 октября 2019 года № 757

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 16 февраля 2009 года № 156 "Об утверждении Правил выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 11, ст. 60):

      в Правилах выплаты единовременной денежной компенсации для погребения умерших или погибших судей и пенсионеров, вышедших на пенсию с должности судьи, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Для получения компенсации лица, имеющие право на ее получение, при гибели (смерти) судьи или пенсионера, вышедшего на пенсию с должности судьи Верховного Суда Республики Казахстан, обращаются в кадровую службу Верховного Суда Республики Казахстан, при гибели (смерти) судьи или пенсионера, вышедшего на пенсию с должности судьи местного или другого суда, в кадровую службу администраторов судов областей, городов республиканского значения и столицы (далее – кадровая служба) с заявлением, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, с представлением следующих документов:".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2008 года № 663 "Об утверждении перечня специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов, и Правил их выделения":

      в перечне специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:

      "2. Судебный пристав администраторов судов областей, городов республиканского значения и столицы".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 апреля 2007 года № 336 "Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации при получении увечья (травмы, ранения, контузии, профессионального заболевания) или гибели (смерти) судьи в связи с исполнением служебных обязанностей" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 13, ст. 152):

      в Правилах выплаты единовременной компенсации при получении увечья (травмы, ранения, контузии, профессионального заболевания) или гибели (смерти) судьи в связи с исполнением служебных обязанностей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. С момента принятия комиссией по расследованию несчастного случая заключения, подтверждающего получение увечья (травмы, ранения, контузии, профессионального заболевания) или факт гибели (смерти) судьи в связи с исполнением служебных обязанностей, кадровая служба Верховного Суда Республики Казахстан или администраторов судов областей, городов республиканского значения и столицы (далее – кадровая служба) в течение 7 календарных дней письменно извещает лиц, имеющих право на получение единовременной компенсации, о необходимости подачи заявления на выплату единовременной компенсации, согласно приложению 1 к настоящим Правилам, с представлением следующих документов:".