Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысы.

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2044 жылға дейінгі кезеңге "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) "Qyzyljar" АЭА туралы ереже;

      2) "Qyzyljar" АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 758 қаулысымен
бекітілген

"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Qyzyljar" АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес шектерде Петропавл қаласының аумақтық шекарасының шегінде орналасқан.

      "Qyzyljar" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 212,3 гектарды құрайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2020 № 176 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 363 қаулысымен.

      2. "Qyzyljar" АЭА:

      1) Петропавл қаласын қарқынды дамыту;

      2) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу үшін өңірді жедел дамыту мақсатында құрылады.

      3. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 363 қаулысымен.

      4. "Qyzyljar" АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      5. "Qyzyljar" АЭА-ның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару

      6. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. "Qyzyljar" АЭА-ның аумағында салық салу

      7. "Qyzyljar" АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4. Кедендік реттеу

      8. "Qyzyljar" АЭА аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. Шетел азаматтарының "Qyzyljar" АЭА аумағында болу тәртібі

      9. "Qyzyljar" АЭА аумағына Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, одан кетуі, транзитпен өтуі және болу тәртібі қолданылады.

6. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

      11. "Qyzyljar" АЭА "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша таратылады.

      12. "Qyzyljar" АЭА-ны басқару "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Құрылған мерзімнің өтуіне байланысты "Qyzyljar" АЭА-ны тарату кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:

      1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында "Qyzyljar" АЭА-ны алдағы тарату, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

      2) "Qyzyljar" АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

      3) "Qyzyljar" АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне "Qyzyljar" АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

      14. "Qyzyljar" АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып аяқталуға тиіс.

      15. Осы Ережемен реттелмеген "Qyzyljar" АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Qyzyljar" арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге қосымша

"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 363 қаулысымен.

      "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағы Петропавл қаласының шекарасында "қосалқы аймақ" түріндегі 4 бос алаңда орналасқан (№ 1 қосалқы аймақ – 15 га, № 2 қосалқы аймақ – 7,3 га, № 3 қосалқы аймақ – 160 га, № 4 қосалқы аймақ – 30 га). "Qyzyljar" АЭА-ның жалпы ауданы – 212,3 га.



      "Qyzyljar"АЭА-ның № 1 қосалқы аймағы

      Аумағы қаланың орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы – 15 га.



      "Qyzyljar"АЭА-ның № 2 қосалқы аймағы

      Аумағы Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі. Ауданы – 7,3 га.



      "Qyzyljar" АЭА-ның № 3 қосалқы аймағы

      Аумағы айналып өтетін айналма жол ауданында орналасқан, Промышленный көшесі, ЖЭО-2. Ауданы – 160 га.



      "Qyzyljar" АЭА-ның № 4 қосалқы аймағы

      Аумағы Шығыс шағын ауданында орналасқан. Ауданы – 30 га.




















  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 қазандағы
№ 758 қаулысымен
бекітілген

"Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

Р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлш.бірл*

Базалық кезең (2019)

2024 жылға қарай қол жеткізу

2020

2021

2022

2023

2024

1

2

3

4

6

7

8

9

11

1

Тартылған инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде (өсу ретімен)**

млрд. теңге

21

31

93

159

174

175

2

Шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

16

24

79

142

158

158

3

Отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

5

7

13

16

17

17

4

АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі**

млрд. теңге

-


0,5

1,0

1,5

4,5

5

Қатысушылар саны

компаниялар

1

2

3

6

10

15

6

Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлғалар саны

адам

10

15

17

19

21

23

7

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны (өсу ретімен)

адам

300

300

500

535

570

1 000

8

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі

%

30

35

40

45

50

55

2029 жылға қарай қол жеткізу

2034 жылға қарай қол жеткізу

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

2032

2033

2034

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

175

176

177

178

179

180

181

181

182

182

158

159

159

160

160

161

161

162

162

163

17

18

18

19

19

20

20

20

20

20

17

39

71

112

163

223

293

389

485

581

20

35

55

80

95

120

76

145

101

170

25

19

27

21

29

31

24

33

26

35

1 500

1 023

2 000

1 523

2 500

2 539

2 578

2 616

2 655

2 694

60

65

65

70

70

75

80

80

85

85

2039 жылға қарай қол жеткізу

2044 жылға қарай қол жеткізу

2035

2036

2037

2038

2039

2040

2041

2042

2043

2044

23

24

25

26

27

29

30

31

32

33

183

183

184

184

185

185

186

186

187

187

163

164

164

165

165

166

166

167

167

168

20

20

20

20

20

20

20

20

20

20

677

772

868

964

1 060

1 156

1 251

1 347

1 443

1 539

195

135

220

160

245

270

197

295

222

320

37

29

39

31

41

43

34

45

36

47

2 733

2 772

2 810

2 849

2 888

2 927

2 966

3 004

3 043

3 082

90

95

95

100

100

100

100

100

100

100

      Ескертпе: * – индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.

О создании специальной экономической зоны "Qyzyljar"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2019 года № 758.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 3 апреля 2019 года "О специальных экономических и индустриальных зонах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать специальную экономическую зону "Qyzyljar" (далее – СЭЗ "Qyzyljar") на период до 2044 года.

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о СЭЗ "Qyzyljar";

      2) целевые индикаторы СЭЗ "Qyzyljar".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 11 октября 2019 года № 758

ПОЛОЖЕНИЕ о специальной экономической зоне "Qyzyljar"

1. Общие положения

      1. Специальная экономическая зона "Qyzyljar" (далее – СЭЗ "Qyzyljar") расположена в пределах территориальной границы города Петропавловска в границах согласно приложению к настоящему Положению.

      Территория СЭЗ "Qyzyljar" является неотъемлемой частью территории Республики Казахстан и составляет 212,3 гектара.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 06.04.2020 № 176; с изменением внесенным постановлением Правительства РК от 01.06.2021 № 363.

      2. СЭЗ "Qyzyljar" создается в целях:

      1) ускоренного развития города Петропавловска;

      2) ускоренного развития региона для активизации вхождения экономики республики в систему мировых хозяйственных связей, создания высокоэффективных, в том числе высокотехнологичных и конкурентоспособных производств, освоения выпуска новых видов продукции, привлечения инвестиций, совершенствования правовых норм рыночных отношений, внедрения современных методов управления и хозяйствования, а также решения социальных проблем.

      3. Перечень приоритетных видов деятельности СЭЗ, соответствующих целям ее создания, а также порядок включения приоритетных видов деятельности в указанный перечень определяются уполномоченным государственным органом, осуществляющим государственное регулирование в сфере создания, функционирования и упразднения специальных экономических и индустриальных зон, по согласованию с уполномоченным органом по государственному планированию и уполномоченным органом, осуществляющим руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет.

      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 01.06.2021 № 363.

      4. Деятельность СЭЗ "Qyzyljar" регулируется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах" и иным законодательством Республики Казахстан.

      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательстве о специальных экономических зонах, применяются правила международного договора.

      5. На территории СЭЗ "Qyzyljar" устанавливается специальный правовой режим.

2. Управление СЭЗ "Qyzyljar"

      6. Управление СЭЗ "Qyzyljar" осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах".

3. Налогообложение на территории СЭЗ "Qyzyljar"

      7. Налогообложение на территории СЭЗ "Qyzyljar" регулируется налоговым законодательством Республики Казахстан.

4. Таможенное регулирование

      8. Таможенное регулирование на территории СЭЗ "Qyzyljar" осуществляется в соответствии с положениями таможенного законодательства Евразийского экономического союза и Республики Казахстан.

4. Порядок пребывания иностранных граждан на территории СЭЗ "Qyzyljar"

      9. На территории СЭЗ "Qyzyljar" действует порядок въезда, выезда, транзита и пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства, а также их транспортных средств, установленный законодательством Республики Казахстан и международными соглашениями, ратифицированными Республикой Казахстан.

6. Заключительные положения

      10. Условия, установленные в настоящем Положении, могут изменяться постановлением Правительства Республики Казахстан.

      11. СЭЗ "Qyzyljar" упраздняется по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах".

      12. Управление СЭЗ "Qyzyljar" осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных экономических и индустриальных зонах".

      13. При упразднении СЭЗ "Qyzyljar" в связи с истечением срока, на который она создавалась, акимат Северо-Казахстанской области:

      1) не позднее чем за три месяца до истечения указанного срока публикует в средствах массовой информации объявление о предстоящем упразднении СЭЗ "Qyzyljar", порядке и сроках приема заявлений и претензий, связанных с ее упразднением;

      2) обеспечивает разъяснение юридическим и физическим лицам, осуществляющим деятельность на территории СЭЗ "Qyzyljar", порядка переоформления находящихся на ее территории товаров под иную таможенную процедуру;

      3) в месячный срок после упразднения СЭЗ "Qyzyljar" представляет Президенту и Правительству Республики Казахстан отчҰт о результатах деятельности СЭЗ "Qyzyljar".

      14. При досрочном упразднении СЭЗ "Qyzyljar" постановлением Правительства Республики Казахстан процедура должна быть завершена не позднее чем в шестимесячный срок с соблюдением процедур, предусмотренных пунктом 13 настоящего Положения.

      15. Деятельность СЭЗ "Qyzyljar", не урегулированная настоящим Положением, осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к Положению специальной
экономической зоне "Qyzyljar"

План границ специальной экономической зоны "Qyzyljar"

      Сноска. План в редакции постановления Правительства РК от 01.06.2021 № 363.

      Специальная экономическая зона "Qyzyljar" (далее – СЭЗ "Qyzyljar") находится в границах города Петропавловска на 4 свободных площадках в виде "субзон" (субзона № 1 – 15 га, субзона № 2 – 7,3 га, субзона № 3 – 160 га, субзона № 4 – 30 га). Общая площадь СЭЗ "Qyzyljar" – 212,3 га.



      Субзона № 1 СЭЗ "Qyzyljar"

      Территория находится в центре города, ул. Парковая. Площадь – 15 га.





      Субзона № 2 СЭЗ "Qyzyljar"

      Территория находится в районе микрорайона Береке, ул. Нефтепроводная. Площадь – 7,3 га.



      Субзона № 3 СЭЗ "Qyzyljar"

      Территория находится в районе объездной кольцевой дороги, район ул. Промышленной, ТЭЦ 2. Площадь – 160 га.



      Субзона № 4 СЭЗ "Qyzyljar"

      Территория находится в районе микрорайона Шығыс. Площадь – 30 га.