Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 791 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 23 қазандағы
№ 791 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:

      "Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды) және металл кеніштерін өндіру және қайта өңдеу" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38.

"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" ЖШС

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерінде есепте, оларды бекіту "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген.

  ".

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43.

"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" ЖШС қатысу үлесінің 51 %

  ";

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26.

"МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" ЖШС қатысу үлесінің 49 %

  ".

      3. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      3-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау – Кеңқияқ – Құмкөл – Атасу – Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі (бұдан әрі – Атырау – Алашанькоу мұнай құбыры) мен олардың объектілерін қайта жаңарту және салу үшін "Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "КазТрансОйл" акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:".

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2019 года № 791.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 23 октября 2019 года № 791

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июля 2004 года № 810 "Об утверждении перечня объектов отраслей экономики, имеющих стратегическое значение, в отношении которых осуществляется государственный мониторинг собственности" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 28, ст. 377):

      в перечне объектов отраслей экономики, имеющих стратегическое значение, в отношении которых осуществляется государственный мониторинг собственности, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "1. Добыча и переработка топливно-энергетических полезных ископаемых (угля, нефти, газа, урана) и металлических руд":

      строку, порядковый номер 38, изложить в следующей редакции:

      "

38.

ТОО "Северо-Западная трубопроводная компания "МунайТас"

Числится в перечнях стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651, утверждение которых предусмотрено в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О национальной безопасности Республики Казахстан".

  ".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330):

      в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      строку, порядковый номер 43, изложить в следующей редакции:

      "

43.

51% доли участия ТОО "Северо-Западная трубопроводная компания "МунайТас"

  ";

      в перечне стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилированных с государством, а также физических лиц, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      строку, порядковый номер 26, изложить в следующей редакции:

      "

26.

49% доли участия ТОО "Северо-Западная трубопроводная компания "МунайТас"

  ".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1165 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 83-84, ст. 607):

      в перечне товаров, работ, услуг, приобретаемых в соответствии с международными договорами Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      абзац 1 пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Товары, работы и услуги, приобретаемые товариществом с ограниченной ответственностью "Казахстанско-Китайский Трубопровод", товариществом с ограниченной ответственностью "Северо-Западная трубопроводная компания "МунайТас", акционерным обществом "КазТрансОйл" по основному предмету деятельности в соответствии с Протоколом о внесении изменений в Рамочное соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о развитии всестороннего сотрудничества в области нефти и газа от 17 мая 2004 года, совершенным 18 августа 2007 года, (далее – Протокол к Рамочному соглашению) для реконструкции и строительства системы магистральных нефтепроводов по маршруту Атырау – Кенкияк – Кумколь – Атасу – Алашанькоу и его объектов, осуществляемых в целях ввода в эксплуатацию второго этапа нефтепровода Казахстан – Китай (далее – нефтепровод Атырау – Алашанькоу):".