Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 812 қаулысы.

      "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 64-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 42, 623-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 812 қаулысымен
бекітілген

Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік нысанына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысының (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылау қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), әскери мақсатта орындалатын жұмыстарға және әскери мақсатта көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі – өнімдерге) қатысты жүзеге асырылады.

      3. Өнім сапасын бақылау және оны қабылдау шарттары қорғаныстық тапсырысты орындау шартында (бұдан әрі – шарт) көзделеді.

      4. Қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін өнім сапасы нормативтік және техникалық құжаттама, тактикалық-техникалық тапсырма талаптарына (техникалық ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) (бұдан әрі – НТҚ) және шарт талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      5. Уәкілетті органның, қорғаныстық тапсырысты алушының өкілдері, әскери өкілдіктер өз жұмысын ұйымда белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын ескере отырып ұйымдастырады. Оларды қызметтік, өндірістік және қойма үй-жайларына кіргізу ұйымда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Ұйымдардың басшылары уәкілетті органның, қорғаныстық тапсырысты алушының өкілдеріне, әскери өкілдіктерге:

      1) танысу үшін өнім сапасын бақылау және оны қабылдау үшін қажетті құжаттаманы, анықтамалық материалдарды және ғылыми-техникалық ақпаратты, бақылау жасалатын өнімге қатысты құжаттарды, сондай-ақ нақты шығындарды негіздейтін есептік-калькуляциялық материалдарды;

      2) бақылау-өлшеу аспаптарын, құрал-саймандар мен керек-жарақты, сондай-ақ өнімге сынау жүргізу, сапасын бақылау үшін өндірістік персоналды ұсынады.

      7. Уәкілетті орган, қорғаныстық тапсырысты алушылар, әскери өкілдіктер қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шартты орындаудың бүкіл мерзімі ішінде ұйымның басшылығымен өзара іс-қимыл жасайды.

2-тарау. Уәкілетті органның және/немесе қорғаныстық тапсырысты алушының қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыруы

      8. Уәкілетті орган, қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес қорғаныстық тапсырыстың орындалуына және қорғаныстық тапсырыс шеңберінде жеткізілетін өнім сапасының сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру үшін қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға өз өкілдерін жіберуге құқылы.

      Көрсетілген өкілдерге Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заңдарында көзделген құқықтар мен міндеттер қолданылады.

      9. Уәкілетті органның, қорғаныстық тапсырысты алушының өкілдері өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымдар ұсынатын өнімге ілеспе құжаттарды (сапа сертификаттарын, сәйкестік сертификаттарын, өнім сапасын растайтын куәлікті, формулярларды, паспорттарды, заттаңбалар мен басқа да құжаттарды) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, халықаралық және ұлттық стандарттарға, НТҚ және шарт талаптарына сәйкес келуіне зерделейді.

      Экспортталатын өнім сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде шарттарда, сондай-ақ өнімді жеткізу шарттарында көзделген ілеспе құжаттар қосымша зерделенеді.

3-тарау. Әскери өкілдіктердің қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыруы

      10. Қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін ұйымдарда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдіктері (бұдан әрі – әскери өкілдіктер) орналастырылады.

      Ұйымдардың басшылары әскери өкілдіктерді белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетін қызметтік үй-жайлармен, ұйымдастыру техникасымен, кеңсе керек-жарақтарымен, жиһазбен, ұйымдарда бар байланыс құралдарымен, құпия және құпия емес іс жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтермен, сондай-ақ өнімді алу және алып жүру үшін келетін қорғаныстық тапсырысты алушының өкілдеріне арналған үй-жайлармен қамтамасыз етеді.

      11. Әскери өкілдіктер уәкілетті орган немесе қорғаныстық тапсырысты алушы мен ұйым арасында жасалған шарттар негізінде қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асырады.

      Осы шарттар негізінде әскери өкілдіктер әскери өкілдік бақылауға және қабылдауға тиіс өнім номенклатурасын орталықтандырып әзірлейді, оны уәкілетті орган немесе қорғаныстық тапсырысты алушы бекітеді.

      Әскери өкілдік басшысы номенклатура негізінде бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер және технологиялық процесс операциялары тізбесін әзірлейді, олар бойынша сапаны бақылау жүзеге асырылады, ол ұйым басшысына жеткізіледі және әскери өкілдік пайдалану және қорғаныстық тапсырысты орындау сапасына бақылауды жүзеге асыру нәтижелеріне байланысты оны нақтылайды.

      12. Әскери өкілдіктер ұйымдарда орналастырылмаған жағдайларда қорғаныстық тапсырысты алушылар өнім сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асыратын өз өкілдерін оларға жібере алады.

      Қорғаныстық тапсырысты алушылардың өкілдеріне осы Қағидалардың ережелері қолданылады.

      13. Әскери өкілдіктер қорғаныстық тапсырысты орындау сапасының және өнімді қабылдаудың НТҚ-ға сәйкестігін бақылауды өнімді әзірлеу, өндіру, сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату кезеңдерінде жүзеге асырады, сондай-ақ жеке жиынтықтаушыларға, құрастыру бірліктеріне, тораптар мен агрегаттарға ішінара тексеру, бөлшектеу және сынау жүргізеді. Әскери өкілдік басшысы ұйым басшылығымен келісу бойынша сапаны бақылау тәртібін, сондай-ақ бөлшектеуге жататын жеке жиынтықтаушылардың, құрастыру бірліктерінің, тораптар мен агрегаттардың санын және сынау әдістемесін белгілейді.

      14. Өнім сапасының НТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін бақылау бұйымдарға, құрастыру бірліктеріне, бөлшектерге және технологиялық процесс операцияларына жаппай, ішінара, лездік және ішкі бақылау түрлерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      15. Жаппай бақылау бұйымдарды жасау мен сынаудың келесі кезеңдерінде әскери өкілдік орындау сапасын тексере алмайтын бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер мен технологиялық процесс операциялары үшін, сондай-ақ өндірісте игеру сатысындағы өнім үшін көзделеді.

      16. Ішінара бақылау әскери өкілдікке толық ұсынылған бұйымдар партиясынан жүзеге асырылады, бұл жағдайда партияға кіретін бұйымдардың зауыттық нөмірлері немесе таңбалануы көрсетілуге тиіс.

      17. Лездік бақылаудың негізгі бағыты өнімді дайындаудың технологиялық операцияларын және процестерін бақылау болып табылады. Лездік бақылауға, әдетте, өнім сапасын бақылау үшін әскери өкілдікке міндетті түрде ұсынылуға тиіс бұйымдардың, құрастыру бірліктерінің, бөлшектер мен технологиялық процесс операцияларының тізбесіне кірмеген бұйымдарды, құрастыру бірліктері мен бөлшектерді дайындау мен бақылау технологиялық процестері жатады.

      Сонымен қатар, лездік бақылаумен НТҚ талаптарын орындау, ұйым өндірісінің жалпы мәдени жай-күйі, зертханалары жұмысы, қабылданған өнімді сақтау қағидаларының сақталуы тексеріледі.

      18. Ішкі бақылау НТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкес келмейтін өнім үлгілерін (жүйелерді, кешендерді) әзірлеу, өндіру, жаңғырту және жөндеу кезінде қолдануды болдырмау мақсатында жүргізіледі.

      Уәкілетті органның және/немесе қорғаныстық тапсырысты алушының өтінімі бойынша әскери өкілдік шарт жасалғанға дейін жиынтықтаушы бұйымдарға, шикізат пен материалдарға ішкі бақылауды жүзеге асырады, бұл жағдайда тиісті өтінімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі. Әскери өкілдік қабылдаған жиынтықтаушы бұйымдар, шикізат пен материалдар шарт жасалған сәтке дейін одан әрі өндіріске жіберілмейді.

      19. Әскери өкілдікке бақылау үшін ұсынылатын бұйымдарды, құрастыру бірліктерін, бөлшектерді, технологиялық процесс операцияларын ұйымның техникалық бақылау бөлімі (бұдан әрі – ТББ) НТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігін алдын ала қабылдайды.

      Әскери өкілдікке бұйымдарды, құрастыру бірліктерін, бөлшектер мен технологиялық процесс операцияларын ТББ ұсынады.

      20. Әскери өкілдік өнімнің сапасын бақылауды ТББ өкілінің қатысуымен жүргізеді. Жаппай және ішінара бақылау кезінде өнімді қабылдау-беру және кезеңдік сынау НТҚ-да белгіленген ауқымда және жүйелілікпен жүргізіледі.

      21. Өнімге қажетті сынау жүргізу циклі сегіз сағаттан асып кеткен, сондай-ақ сынау уақыты өнімнің атқарым ресурсына ықпал еткен жағдайларда ТББ мен әскери өкілдіктің сапаны бірлесіп бақылауына жол беріледі.

      22. Өнім әскери өкілдікке сапаны бақылауға өнімнің НТҚ талаптарына және шарт талаптарына сәйкестігі туралы куәландыратын ілеспе құжаттармен (формулярлармен, паспорттармен, заттаңбалармен, маршрут карталарымен) бірге ұсынылады.

      Бұйымдар, құрастыру бірліктері, бөлшектер, технологиялық процесс операциялары сапасын бақылау, сондай-ақ өнімді қабылдау-беру және жалпы басқа да сынау санаттары жүргізілген кезде алынған параметрлер, тұтас алғанда сынау хаттамаларында немесе НТҚ-да көзделген басқа да құжаттарда жазылады (тіркеледі), оларға сынау жүргізген адамдар қол қояды.

      Өнім сапасын бақылау аяқталғаннан кейін әскери өкілдік қабылдау аяқталған уақытты белгілеп (өнімді ұсыну уақыты құжаттаманы алған кезде белгіленеді), ұйым ұсынған құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ НТҚ-да көзделген жағдайда өнімді пломбалауды және таңбалауды жүргізеді. Ішінара бақылау кезінде партия сапасы туралы қорытындыда сынауға ұшыраған бұйымдардың зауыттық нөмірлері көрсетіледі.

      23. Өнім бұйымдарында бағалы металдар қолданылған кезде олардың құрамы туралы деректер осы бұйымдарға формулярларда, паспорттарда немесе заттаңбаларда көрсетіледі.

      24. Сапаны бақылау процесінде ұсынылатын өнімнің НТҚ талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде өнім анықталған ақауды жою, қайта тексеру және қайта сынаудан және ТББ қабылдағаннан кейін әскери өкілдікке қайта ұсыну үшін ұйымға қайтарылады.

      Ұйым өнімді сапа бақылауына екінші рет ұсынған кезде әскери өкілдікке ақаулары бар өнімді жасау және ұсыну себептерін, сондай-ақ оларды жою мен алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды көрсете отырып, жазбаша ақпарат ұсынады.

      Анықталған ақауларды талдау нәтижелері және ұйым қабылдаған шаралар қайта ұсынылған хабарламаға қоса берілетін актіде көрсетіледі.

      Егер әскери өкілдік қайтарған бұйым (партия) қайта ұсынылса, әскери өкілдікке кезекті бұйымды (партияны) ұсынуға хабарламамен бірге ресімделген акт ұсынылады.

      25. Қайта жүргізілген қабылдау-беру сынауынан өтпеген өнім ақаулыға жатқызылады және жарамды өнімнен оқшауланады.

      26. НТҚ-да белгіленген өнім өндірісінің технологиялық процестері бұзылғаны, өнім өндірісінде контрафактілі, жалған, толық жасалмаған жиынтықтаушы бұйымдар, материалдар мен жартылай фабрикаттар пайдаланылғаны анықталған, жасалған өнім контрафактілі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің жария болатын (таратылатын, жоғалтылатын) арналарын жасауға ықпал ететін шетел техникалық барлауына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі талаптар бұзылған кезде әскери өкілдіктер өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұрады.

      Әскери өкілдік басшысы өнімді қабылдауды және тиеуді тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығын, ұйым басшысын, қорғаныстық тапсырысты алушыны, сондай-ақ уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.

      Өнімді қабылдау және тиеу ұйым әскери өкілдікпен, уәкілетті органмен және/немесе қорғаныстық тапсырысты алушымен келісілген анықталған кемшіліктерді және олардың пайда болу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүргізгеннен кейін қайта басталады.

      27. Толық жиынтықталған дайын өнім сапасын түпкілікті бақылауды және қабылдауды әскери өкілдік ұйым басшысы және ТББ бастығы қол қойған хабарламаны, сондай-ақ паспортты (формулярды) немесе өнімнің дайын болуын және оның НТҚ-ға және шарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын өзге де құжатты алғаннан кейін жүзеге асырады.

      Егер НТҚ-да немесе шартта өзгеше көзделмесе, қабылдау-беру сынауынан өткен, толық жиынтықталған, ұйым және әскери өкілдік пломбалаған және оның сапасы НТҚ-да көзделген кезеңдік және басқа да сынаумен расталған өнімді әскери өкілдік түпкілікті қабылдады деп саналады. НТҚ-да немесе шартта көзделген жағдайларда өнім буып-түйіледі (қапталады) және тасымалдау ыдысына салынады.

      28. Шарт бойынша дайындалған өнім қабылданғаннан кейін әскери өкілдік басшысы ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырылған екі көшірмесі бар өнім сапасын растайтын куәлік береді.

      29. Әскери өкілдіктің өндірісі аяқталмаған, жиынтықталмаған, белгіленген сынау жүргізілмеген және НТҚ-ға және шарт талаптарына басқа да сәйкес келмейтін өнімге куәлік беруіне жол берілмейді.

  Меншік нысандарына
қарамастан ұйымдарда
мемлекеттік қорғаныстық
тапсырыстың орындалу
сапасына бақылауды жүзеге
асыру қағидаларына
қосымша
  Нысан
мөртаңба
  орны

Өнім сапасын растайтын КУӘЛІК №_____

      № ___ әскери өкілдік _______________ ұйымына 20___ жылғы "____" _____________ № _____ шартқа және техникалық шарттарға сәйкес дайындалған және жиынтықталған төменде аталған өнімнің пайдалануға жарамды деп танылғанын және көрсетілген шарт есебіне қабылданғанын растау үшін берді.

Р/с №

Позиция нөмірі

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      № __________ әскери өкілдік басшысы

      Т.А.Ә. (бар болса), қолы

      М.О.

      20___ жылғы "____" ____________

      Осы куәлікте аталған өнім жауапты сақталуға қабылданды.

      Ұйым басшысы ____________________

      Т.А.Ә. (бар болса), қолы

      М.О. (бар болса)

      20___ жылғы "____" ____________

Об утверждении Правил осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа в организациях независимо от форм собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 812.

      В соответствии с подпунктом 9) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2019 года "Об оборонной промышленности и государственном оборонном заказе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа в организациях независимо от форм собственности.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2012 года № 968 "Об утверждении Правил осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа на предприятиях независимо от форм собственности";

      2) пункт 64 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2013 года № 735 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 42, ст. 623).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 октября 2019 года № 812

Правила осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа в организациях независимо от форм собственности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа в организациях независимо от форм собственности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 18 марта 2019 года "Об оборонной промышленности и государственном оборонном заказе" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления контроля за качеством выполнения государственного оборонного заказа Республики Казахстан (далее – оборонный заказ) в организациях независимо от форм собственности (далее – организация).

      2. Контроль за качеством выполнения оборонного заказа осуществляется в отношении товаров (продукции) военного назначения, товаров (продукции) двойного назначения, выполняемых работ военного назначения и оказываемых услуг военного назначения (далее – продукция), поставляемых в рамках оборонного заказа.

      3. Условия контроля качества и приемки продукции предусматриваются договором на выполнение оборонного заказа (далее – договор).

      4. Качество продукции, поставляемой в рамках оборонного заказа, должно соответствовать требованиям нормативной и технической документации, тактико-технического задания (технической спецификации, тактико-технической характеристики) (далее – НТД) и условиям договора.

      5. Представители уполномоченного органа, получателя оборонного заказа, военные представительства организуют свою работу с учетом правил внутреннего распорядка, установленного в организации. Их допуск в служебные, производственные и складские помещения осуществляется в порядке, установленном в организации.

      6. Руководители организаций представителям уполномоченного органа, получателя оборонного заказа, военным представительствам предоставляют:

      1) для ознакомления документацию, справочные материалы и научно-техническую информацию, необходимую для контроля качества и приемки продукции, документы в отношении контролируемой продукции, а также расчетно-калькуляционные материалы, обосновывающие фактические затраты;

      2) контрольно-измерительные приборы, инструменты и оснастку, а также производственный персонал для проведения испытаний, контроля качества продукции.

      7. Уполномоченный орган, получатели оборонного заказа, военные представительства по вопросам осуществления контроля за качеством выполнения оборонного заказа взаимодействуют с руководством организации в течение всего срока исполнения договора.

Глава 2. Осуществление контроля за качеством выполнения оборонного заказа уполномоченным органом и/или получателем оборонного заказа

      8. Уполномоченный орган, получатель оборонного заказа вправе направлять своих представителей исполнителям оборонного заказа для осуществления контроля за выполнением оборонного заказа и соответствием качества продукции, поставляемой в рамках оборонного заказа, в соответствии с законодательством Республики Казахстан и заключенным договором.

      На указанных представителей распространяются права и обязанности, предусмотренные Законом и иными законами Республики Казахстан.

      9. Представители уполномоченного органа, получателя оборонного заказа при осуществлении контроля за качеством продукции изучают представляемые организациями сопроводительные документы на продукцию (сертификаты качества, сертификаты соответствия, удостоверение, подтверждающее качество продукции, формуляры, паспорта, этикеты и другие документы) на соответствие действующему законодательству Республики Казахстан, международным и национальным стандартам, требованиям НТД и условиям договора.

      При осуществлении контроля за качеством экспортируемой продукции дополнительно изучаются сопроводительные документы, предусмотренные договорами, а также условиями на поставку продукции.

Глава 3. Осуществление контроля за качеством выполнения оборонного заказа военными представительствами

      10. Для осуществления контроля за качеством выполнения оборонного заказа в организациях размещаются военные представительства Министерства обороны Республики Казахстан (далее – военные представительства).

      Руководители организаций обеспечивают военные представительства служебными помещениями, отвечающими установленным санитарно-эпидемиологическим и техническим требованиям, оргтехникой, канцелярскими принадлежностями, мебелью, имеющимися в организациях средствами связи, услугами по секретному и несекретному делопроизводству, а также помещениями для прибывающих представителей получателя оборонного заказа при получении и сопровождении продукции.

      11. Военные представительства осуществляют контроль качества выполнения оборонного заказа на основании договоров, заключенных между уполномоченным органом или получателем оборонного заказа и организацией.

      На основании этих договоров военные представительства централизовано разрабатывают номенклатуру продукции, подлежащей контролю и приемке военным представительством, которая утверждается уполномоченным органом или получателем оборонного заказа.

      Руководитель военного представительства на основании номенклатуры разрабатывает перечень изделий, сборочных единиц, деталей и операций технологического процесса, по которым будет осуществляться контроль качества, который доводится до руководителя организации и уточняется военным представительством в зависимости от результатов эксплуатации и осуществления контроля качества выполнения оборонного заказа.

      12. В случаях, когда в организациях не размещаются военные представительства, получатели оборонного заказа могут направить в них своих представителей, которые осуществляют контроль качества и приемку продукции.

      На представителей получателей оборонного заказа распространяются положения настоящих Правил.

      13. Военные представительства осуществляют контроль качества выполнения оборонного заказа и приемку продукции на соответствие НТД на этапах разработки, производства, сервисного обслуживания, ремонта, модернизации и утилизации продукции, а также производят выборочную проверку, разборку и испытания отдельных комплектующих, сборочных единиц, узлов и агрегатов. Порядок контроля качества, а также количество отдельных комплектующих, сборочных единиц, узлов и агрегатов, подлежащих разборке, и методика испытаний устанавливаются руководителем военного представительства по согласованию с руководством организации.

      14. Контроль качества продукции на соответствие ее требованиям НТД и условиям договора осуществляется путем проведения сплошного, выборочного, летучего и входного видов контроля изделий, сборочных единиц, деталей и операций технологического процесса.

      15. Сплошной контроль предусматривается для изделий, сборочных единиц, деталей и операций технологического процесса, качество исполнения которых не может быть проверено военным представительством на последующих этапах изготовления и испытания изделий, а также для продукции на стадии освоения ее в производстве.

      16. Выборочный контроль осуществляется от партии изделий, полностью предъявленной военному представительству, в этом случае должны быть указаны заводские номера или маркировка изделий, входящих в партию.

      17. Основным направлением летучего контроля является контроль технологических операций и процессов изготовления продукции. Летучему контролю, как правило, подвергаются технологические процессы изготовления и контроля изделий, сборочных единиц и деталей, которые не вошли в перечень изделий, сборочных единиц, деталей и операций технологического процесса, подлежащих обязательному предъявлению военному представительству для контроля качества продукции.

      Летучим контролем также проверяется выполнение требований НТД, состояние общей культуры производства, работа лабораторий организации, соблюдение правил хранения принятой продукции.

      18. Входной контроль проводят с целью предотвращения применения при разработке, производстве, ремонте, модернизации и ремонте образцов (систем, комплексов) продукции, не соответствующих требованиям НТД и условиям договора.

      По заявке уполномоченного органа и/или получателя оборонного заказа военное представительство осуществляет входной контроль комплектующих изделий, сырья и материалов до заключения договора, в этом случае указывается регистрационный номер соответствующей заявки. Принятые военным представительством комплектующие изделия, сырье и материалы в дальнейшее производство не допускаются до момента заключения договора.

      19. Изделия, сборочные единицы, детали, операции технологического процесса, предъявляемые для контроля военному представительству, предварительно принимаются отделом технического контроля организации (далее – ОТК) на соответствие требованиям НТД и условиям договора.

      Предъявление изделий, сборочных единиц, деталей и операций технологического процесса военному представительству производится ОТК.

      20. Контроль качества продукции военным представительством производится в присутствии представителя ОТК. Приемосдаточные и периодические испытания продукции при сплошном и выборочном контроле проводятся в объеме и последовательности, которые установлены НТД.

      21. В случаях, когда цикл проведения необходимых испытаний продукции превышает восемь часов, а также когда время испытаний влияет на выработку ресурса продукции, допускается совместный контроль качества ОТК и военного представительства.

      22. Продукция предъявляется на контроль качества военному представительству вместе с сопроводительными документами (формулярами, паспортами, этикетками, маршрутными картами), свидетельствующими о соответствии продукции требованиям НТД и условиям договора.

      Параметры, полученные при контроле качества изделий, сборочных единиц, деталей, операций технологического процесса, а также проведении приемосдаточных и других категорий испытаний продукции в целом, записываются (фиксируются) в протоколах испытаний или других документах, предусмотренных НТД, которые подписываются лицами, проводившими испытание.

      По окончании контроля качества продукции военное представительство производит оформление представленной организацией документации с отметкой времени окончания приемки (время предъявления продукции отмечается при получении документации), а также пломбирование и клеймение продукции в случае, предусмотренном НТД. При выборочном контроле в заключении о качестве партии указываются заводские номера изделий, которые подвергались испытаниям.

      23. При применении в изделиях продукции драгоценных металлов данные об их содержании отражаются в формулярах, паспортах или этикетках на эти изделия.

      24. При обнаружении в процессе контроля качества несоответствия предъявляемой продукции требованиям НТД продукция возвращается организации для устранения выявленного дефекта, перепроверки и повторного предъявления военному представительству после повторных испытаний и приемки ОТК.

      Организация при вторичном предъявлении продукции на контроль качества представляет военному представительству письменную информацию с указанием причин изготовления и предъявления продукции с дефектами, а также принятия мер по их устранению и предупреждению.

      Результаты анализа обнаруженных дефектов и принятые организацией меры отражаются в акте, прилагаемом к вторичному извещению.

      Если возвращенное военным представительством изделие (партия) предъявляется повторно, оформленный акт предъявляют военному представительству вместе с извещением на предъявление очередного изделия (партии).

      25. Продукцию, не выдержавшую повторные приемосдаточные испытания, забраковывают и изолируют от годной продукции.

      26. При выявлении нарушений технологических процессов производства продукции, установленных НТД, использования в производстве продукции контрафактных, фальсифицированных, некондиционных комплектующих изделий, материалов и полуфабрикатов, признании изготавливаемой продукции контрафактной, а также нарушениях требований по противодействию иностранным техническим разведкам, способствующих созданию каналов утечки (разглашения, утраты) сведений, составляющих государственные секреты, военные представительства приостанавливают приемку и отгрузку продукции.

      Руководитель военного представительства письменно уведомляет Центр военных представительств Министерства обороны Республики Казахстан, руководителя организации, получателя оборонного заказа, а также уполномоченный орган о приостановке приемки и отгрузки продукции.

      Приемка и отгрузка продукции возобновляются после проведения организацией согласованных с военным представительством, уполномоченным органом и/или получателем оборонного заказа мероприятий по устранению выявленных недостатков и причин их возникновения.

      27. Окончательный контроль качества и приемка полностью укомплектованной готовой продукции осуществляются военным представительством после получения подписанного руководителем и начальником ОТК организации извещения, а также паспорта (формуляра) или иного документа, удостоверяющего готовность и соответствие продукции НТД и условиям договора.

      Окончательно принятой военным представительством считается продукция, которая выдержала приемосдаточные испытания, полностью укомплектована, опломбирована организацией и военным представительством, если иное не предусмотрено НТД или договором, и ее качество подтверждено периодическими и другими испытаниями, предусмотренными НТД. В случаях, предусмотренных НТД или договором, продукция упаковывается (зачехляется) и укладывается в транспортировочную тару.

      28. После приемки продукции, изготовленной по договору, руководитель военного представительства выдает организации удостоверение, подтверждающее качество продукции, по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, с двумя заверенными копиями.

      29. Выдача военным представительством удостоверения на продукцию, не законченной производством, не укомплектованной, без проведения установленных испытаний и с другими несоответствиями НТД и условиям договора не допускается.

  Приложение
к Правилам осуществления
контроля за качеством
выполнения государственного
оборонного заказа в
организациях независимо
от форм собственности
  Форма

      место
      штампа

УДОСТОВЕРЕНИЕ №_____,
подтверждающее качество продукции

      Выдано военным представительством № ______ организации
________________ в том, что изготовленная и укомплектованная в соответствии
с договором №______ от "____"________20 ____ года и техническими
условиями нижепоименованная продукция признается годной для эксплуатации
и принята в счет указанного договора.


п/п

Номер позиции

Наименование продукции

Единица измерения

Количество

Примечание

1

2

3

4

5

6







      Руководитель военного представительства №__________
      Ф.И.О. (при его наличии), подпись
      М.П.
      "___"_________20____года
      Перечисленная в настоящем удостоверении продукция принята на
ответственное хранение.
      Руководитель организации____________
      Ф.И.О. (при его наличии), подпись
      М.П. (при наличии)
      "___"_________20____года