Ескерту. Осы қаулының 2-тармағына сәйкес 11.11.2023 дейін қолданыста болды.
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің ("АСТАНА-1" АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлға ретінде айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қоса алғанда 2023 жылғы 11 қарашаға дейін қолданыста болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.11.2021 № 786 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |