"Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің ("АСТАНА-1" АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 786 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің ("АСТАНА-1" АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қоса алғанда 2023 жылғы 11 қарашаға дейін қолданыста болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады