"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 860 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасауды;

      2) кредиттеудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;

      3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 қарашадағы
№ 860 қаулысымен
бекітілген

"ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы арқылы жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – қарыз алушы) кредиттеу үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) кредит "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 219 "ҚДБ-Лизинг" АҚ арқылы жолаушылар вагон паркін жаңартуын қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-ны кейіннен кредиттеумен, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 18741022000 (он сегіз миллиард жеті жүз қырық бір миллион жиырма екі мың) теңге сомасында беріледі;

      2) кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,05 %-ке тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;

      3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;

      4) игеру кезеңі қарыз алушының шотына кредит аударылған күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды;

      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 1 (бір) рет жүзеге асырылады;

      6) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы 6 (алты) жылды құрайтын жеңілдік кезеңі өткеннен кейін тең үлестермен жүзеге асырады;

      7) бюджеттік кредит берудің мақсаты қарыз алушының "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының жолаушылар вагондары паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесімен кейіннен "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамын кредиттеу үшін жылдық 0,08 % сыйақы мөлшерлемесімен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамын кредиттеу болып табылады.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении основных условий бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2019 года № 860

      В соответствии с пунктом 2 статьи 180 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года "О республиканском бюджете на 2019 – 2021 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через акционерное общество "БРК-Лизинг".

      2. Министерствам финансов, индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом "Национальный управляющий холдинг "Байтерек";

      2) контроль за выполнением основных и дополнительных условий кредитования;

      3) контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, своевременного погашения и обслуживания бюджетного кредита.

      3. Акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию) ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредита в министерства финансов, индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 ноября 2019 года № 860

Основные условия бюджетного кредитования акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием акционерного общества "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через акционерное общество "БРК-Лизинг"

      1. Для предоставления кредита акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (далее – заемщик) устанавливаются следующие основные условия:

      1) кредит предоставляется в сумме 18741022000 (восемнадцать миллиардов семьсот сорок один миллион двадцать две тысячи) тенге, предусмотренной Законом Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года "О республиканском бюджете на 2019 – 2021 годы" по бюджетной программе 219 "Кредитование АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" с последующим кредитованием АО "Банк Развития Казахстана" для финансирования обновления парка пассажирских вагонов через АО "БРК-Лизинг";

      2) кредит предоставляется заемщику в тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 20 (двадцать) лет по ставке вознаграждения, равной 0,05 % годовых;

      3) выделение кредита из республиканского бюджета осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на счет заемщика;

      4) период освоения составляет 2 (два) года со дня перечисления кредита на счет заемщика;

      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется 1 (один) раз в год;

      6) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении льготного периода, который составляет 6 (шесть) лет;

      7) целью предоставления бюджетного кредита является последующее кредитование заемщиком акционерного общества "Банк Развития Казахстана" со ставкой вознаграждения 0,08 % годовых для последующего кредитования акционерного общества "БРК-Лизинг" со ставкой вознаграждения 0,1 % годовых со сроком на 20 (двадцать) лет для финансирования обновления парка пассажирских вагонов акционерного общества "Пассажирские перевозки".

      2. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитных договорах в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.