Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 137-құжат) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:
мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында - тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |