ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 89-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 928 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері
Р/с № | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0- 2710 12590 0) | Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0- 2710 19 480 0) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (шілде – қараша) | 24 435 | 9300 | |||
2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (желтоқсан – маусым) | 24 435 | 540 | |||
3. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | |||
4. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (шілде – қараша) | 24 935 | 9360 | |||
5. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (желтоқсан – маусым) | 24 935 | 600 | |||
6. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 500 | 60 | |||
7. | Импорт | 24 435 | 540 | |||
8. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (шілде – қараша) | 24 435 | 9300 | |||
9. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (желтоқсан – маусым) | 24 435 | 540 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730 М = --------------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769 М = -------------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V – өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.