"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 928 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 89-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 928 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысымен
бекітілген

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері

Р/с №


1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0- 2710 12590 0)

Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0- 2710 19 480 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (шілде – қараша)

24 435

9300

2.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (желтоқсан – маусым)

24 435

540

3.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

0

0

4.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (шілде – қараша)

24 935

9360

5.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (желтоқсан – маусым)

24 935

600

6.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

7.

Импорт

24 435

540

8.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (шілде – қараша)

24 435

9300

9.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (желтоқсан – маусым)

24 435

540

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,730 М = --------------------, мұндағы: 1000

      М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;

      V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;

      0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      V х 0,769 М = -------------------, мұндағы: 1000

      М – өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;

      V – өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;

      0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады