Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспенің бірінші абзацын, 11-бап пен корытынды бөлікті қоспағанда, мәтін бойынша тиісінше жекеше, көпше түрдегі және септіктердегі "Тараптар", "Тараптардың", "Тарап" деген сөз тиісінше жекеше, көпше түрдегі және септіктердегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын, "осы Тараптың", "аталған Тараптың" деген сөздер тиісінше "осы мүше мемлекеттің" "аталған мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшадағы "жөнінде шаралар қабылдайтын Тараптың" деген сездер "жөніндегі шараларды қолданатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі тиісінше - мүше мемлекет, Одақтың)" деген сөздермен ауыстырылсын";
4) тармақшадағы "айналымдағы және", "Кеден одағына мүше мемлекеттерде немесе шетелдік мемлекеттерде (шет мемлекеттер тобында)" деген сөздер тиісінше "қолма-қол ақша қаражаты мүше мемлекеттерде немесе Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерде (мемлекеттер тобында) айналымда жүрген және" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "негізінде" деген сөзден кейін "Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2-баптың бірінші - үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүше мемлекеттердің кеден органдары мүше мемлекеттердің құқық қорғау және уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы Шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес Одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу (бұдан әрі - қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу) кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданады.
Мүше мемлекеттердің кеден органдары Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге және кеден органдары осындай бақылауды жүзеге асыратын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуге бақылауды жүзеге асырады.
Егер қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - тұлға) жолаушылар кедендік декларациясында немесе тауарға арналған декларацияда Одақ құқығын құрайтын, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес көрсетілуі міндетті болып табылатын мәліметтерді көрсетпеген жағдайда, мүше мемлекеттердің кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес жолаушылар кедендік декларациясын немесе тауарға арналған декларацияны тіркеуден бас тартады.";
4) 4-баптың оныншы бөлігіндегі "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол" деген сөздер "Қолма-қол" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
бірінші бөлігіндегі "Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және жетінші бөлігіндегі "Кеден органдары", "жөніндегі" деген сөздер тиісінше "Кеден органы", "бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөлігіндегі:
"уәкілетті" деген сөз алып тасталсын;
"адам" деген сөз "кеден органы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізуді тоқтата тұрған мемлекеттің заңнамасына сәйкес өкілеттігі расталған тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"меншігіне" деген сөзден кейін "(кірісіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"тоқтата тұрған" деген сөздер "өткізуді тоқтата тұрған" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлігіндегі "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы" деген сөздер алып тасталсын;
6) 6-баптың бірінші бөлігіндегі "Қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының декларациясы" жолаушы кедендік декларациясының қосымша формулярында қамтылған" деген сөздер "жолаушы кедендік декларациясында көрсетілген, кедендік декларациялауға жататын қолма-қол ақша қаражатына және (немесе) ақша құралдарына қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.";
8) 10-баптағы "Тараптардың келісімі" деген сөздер "мүше мемлекеттердің өзара келісуі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
20 __ жылғы "__" _________ _________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |