"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының мынадай мәдениет ұйымдарына:
1) Жамбыл облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Руханият және тарихтану орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шерхан Мұртазаның есімі;
2) Жамбыл облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Асқар Тоқпановтың есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |