"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 76 қаулысына қосымша |
"Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с № | Мүліктің атауы | Тіркеу нөмірі | Шығарылған жылы | Шасси нөмірі | Түсі |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Mercedes-Benz Actros | 596 СВ 01 | 2009 | WDB9340321L450333 | ақ |
2 | Mercedes-Benz Atego 1317 | 592 СВ 01 | 2009 | WDB9702671L447434 | ақ |
3 | Preview Toutenkation | 54 ЕОA 01 | 2009 | VF9SR233AM9045005 | ақ |
4 | Mercedes-Benz Actros | 927 СВ 01 | 2009 | WDB9340321L450334 | сұр |
5 | Mercedes-Benz Atego 1317 | 952 СВ 01 | 2009 | WDB9702671L447316 | сұр |
6 | Preview Toutenkation | 39 ЕОA 01 | 2009 | VF9SR233AM9045006 | сұр |