Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
"Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі" деген бөлімде:
мына:
"
Бөлім | Бөлімнің атауы | Топ | Топтың атауы | Сынып | Сыныптың атауы |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
07**** | Металл кендерін өндіру | 07.1 | Темір кенін өндіру | 07.10.3 | Темір кенін байыту және агломерациялау |
"; |
мына:
"
19 | Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19.2 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19.20 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
19 | Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19.1 | Кокс пештері өнімдерін өндіру | 19.10 | Кокс пештері өнімдерін өндіру |
19.2 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру | 19.20 | Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
"; |
мына:
"
30 | Өзге де көлік құралдарын өндіру | 30.2 | Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру | 30.20 | Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру |
" |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
35 | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау | 35.1 | Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу | 35.11 | Жылу және ядролық (атом) электр станцияларының электр энергиясын өндіруін қоспағанда, басқа электр энергиясының өндірісі |
"; |
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:
* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚ ТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;
** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;
*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың жол маңындағы жолағында орналасқан;
**** тек темір кені концентратының және (немесе) шекемтастар өндірісіне қатысты.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |