"Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 122 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 267-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық Комиссия тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан құрылады.

      3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанындағы Комиссия аудандық Комиссияның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.

      4. Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы жергілікті атқарушы орган аппаратында (әкімдікте) штаттық лауазымды атқарады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссияның негізгі функциялары";

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.

      8. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

      5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтайды және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

      8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

      9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;

      10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

      11) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

      12) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметін үйлестіреді.";

      9. Комиссияның негізгі функциялары:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;

      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үнемі хабардар ету;

      3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе оларға қатігездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi белгілеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;

      5) белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну;

      6) мемлекет көмегiне мұқтаж және өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ұсыныстар енгiзу;

      7) кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық күш көрсетуден, қылмыстық кемсiтушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;

      8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамдық қауiптi іс-әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау;

      9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдар, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер жұмысының оң тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      10) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының профилактикасымен айналысатын тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өзге де органдар мен ұйымдарға:

      кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған;

      арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;

      әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

      бiлiм беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң қажеттiгi туралы ақпарат жiберу;

      11) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдік-профилактикалық және оңалту шараларын жүргiзу үшiн ата-аналарының келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;

      12) мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына ұзақ уақыт келмей жүргені туралы бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау;

      13) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген жағдайларда және тәртiппен ықпал ету шараларын қабылдау;

      14) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыным дайындау;

      15) кәмелетке толмаған сотталушыны жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің ұсынысын қарау бойынша кәмелетке толмағандар құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерге, арнайы бiлiм беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы бiлiм беру ұйымдарына бару (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ оларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзу анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзу);

      17) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбиелік, құқықтық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерделеу;

      18) кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде – тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;

      19) кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген мемлекеттік көмек алуына жәрдемдесу;

      20) кәмелетке толмағандардың мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды алуына жәрдемдесу;

      21) кәмелетке толмағандардың демалуға, сауықтырылуға және бос уақытын өткізуге құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      22) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

      23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруды үйлестіру;

      24) кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

      25) қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттің салдарынан дене жарақатын немесе психологиялық жарақат алған кәмелетке толмағандарға жәрдемдесу, денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтiк бейiмделуге қажеттi көмек көрсету болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комиссия қолданатын шаралар";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi Комиссия қабылдайтын шаралар:

      1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда орналасқан, өмірде қиын жағдайда жүрген, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бармаған, мемлекет көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;

      2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы Комиссияны хабардар етеді;

      3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң болмауына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларда, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша Комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн Комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.

      Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене бітімінің және рухани қалыпты дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:

      кәмелетке толмағандарға келтiрілген зиянды өтеу туралы сотқа өтiнiшхат беру;

      кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiшхатпен жүгіну;

      ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар қолдану туралы өтiнiшпен он бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi.

      Облыстық Комиссияның отырысы екі айда бір рет өткізіледі. Қалалық, қаладағы аудандық, аудандық Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бiрақ айына екi реттен сиретпей өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.

      Комиссия қажет болған кезде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.

      Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

      Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды Комиссия тек кәмелетке толмағанның өзінің, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.

      Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша Комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.

      Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорды хабардар ету мiндеттi.

      Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.

      Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Содан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiшхаттар қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.

      Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiшхаттарды кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ Комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мәлімдей алады. Мәлімделген өтiнiшхаттарды қарау нәтижелерi Комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi.

      Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға керi ықпал ететін жағдайларды зерттеу кезінде Комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында жазылады.";

      18-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды, Комиссия отырысында жарияланады және шағым беру үшін белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi.";

      20-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комиссия отырысында Комиссияның хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:";

      "Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года № 789 "Об утверждении типового положения о комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 122.

      "Об утверждении типового положения о комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года № 789 "Об утверждении типового положения о комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 21, ст. 267) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Типового положения о деятельности Комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемое Типовое положение о деятельности Комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав.";

      В Типовом положении о Комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав, утвержденном указанным постановлением:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Типовое положение о деятельности Комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав";

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункты 2, 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "2. Областная, городская, районная в городе, районная Комиссия образуется при соответствующем местном исполнительном органе (акимате).

      3. При необходимости Комиссия может быть образована при акиме поселка, села, сельского округа, расположенных на значительном расстоянии от районного центра. Комиссия при акиме поселка, села, сельского округа имеет права и обязанности районной Комиссии. Решение об образовании поселковой, сельской Комиссии и Комиссии сельского округа принимается областным акиматом, а персональный состав утверждается маслихатом соответствующего района.

      4. Комиссия по делам несовершеннолетних и защите их прав образуется в составе председателя, заместителя председателя, членов Комиссии и секретаря. Председателем Комиссии является заместитель акима соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением поселковой, сельской Комиссии и Комиссии сельского округа, которые возглавляет аким соответствующей административно-территориальной единицы. Секретарь занимает штатную должность в аппарате соответствующего местного исполнительного органа (акимата).";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Основные функции Комиссии";

      пункты 7, 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "7. Комиссия в своей деятельности ответственна перед местным исполнительным органом, а также подконтрольна и подотчетна вышестоящей Комиссии по делам несовершеннолетних.

      8. Комиссия в пределах своей компетенции:

      1) осуществляет меры по защите и восстановлению прав и законных интересов несовершеннолетних, выявлению и устранению причин и условий, способствующих совершению правонарушений среди несовершеннолетних, предупреждению детской безнадзорности и беспризорности, защите несовершеннолетних от насилия и жестокого обращения, антиобщественных действий среди несовершеннолетних;

      2) разрабатывает программы и методики, направленные на совершенствование деятельности государственных органов по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, их социальную реабилитацию;

      3) участвует в обеспечении контроля над условиями воспитания, обучения, содержания несовершеннолетних в организациях, осуществляющих функции по защите прав ребенка;

      4) изучает состояние правонарушений среди несовершеннолетних, детской безнадзорности и беспризорности, а также насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних и организует проведение социологических исследований по этим вопросам;

      5) оказывает содействие в развитии сети организаций, осуществляющих функции по защите прав ребенка, и обеспечивает мониторинг их деятельности;

      6) обобщает и распространяет положительный опыт работы органов и организаций, занимающихся профилактикой правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, оказывает им методическую и практическую помощь;

      7) заслушивает отчеты руководителей заинтересованных государственных органов о проводимой работе по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, защите и восстановлению их прав и законных интересов и организует обмен информацией между ними по курируемым вопросам;

      8) участвует в подготовке материалов в суд по вопросам направления несовершеннолетних в специальные организации образования и организации образования с особым режимом содержания;

      9) координирует деятельность заинтересованных органов в трудовом и бытовом устройстве несовершеннолетних, освобожденных из учреждений уголовно-исполнительной системы либо вернувшихся из специальных организаций образования и организаций образования с особым режимом содержания, а также осуществлении иных функций по социальной реабилитации несовершеннолетних, находящихся в трудной жизненной ситуации;

      10) организует в средствах массовой информации освещение проводимой работы по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних;

      11) осуществляет мониторинг деятельности нижестоящих Комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав;

      12) координирует деятельность нижестоящих Комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав.

      9. Основными функциями Комиссии являются:

      1) содействие несовершеннолетним в реализации и защите их прав и законных интересов;

      2) регулярное информирование заинтересованных государственных органов и организаций о состоянии работы по профилактике правонарушений, безнадзорности, беспризорности и антиобщественных действий несовершеннолетних, а также выявленных фактах нарушения прав и законных интересов несовершеннолетних;

      3) организация работы по выявлению и социальной реабилитации несовершеннолетних, находящихся в положении, представляющем опасность для их жизни и здоровья, установлению родителей или иных законных представителей, которые не исполняют своих обязанностей по воспитанию, обучению, содержанию несовершеннолетних, охране их жизни и здоровья, а также отрицательно влияют на нормальное физическое и нравственное развитие несовершеннолетних или жестоко обращаются с ними;

      4) рассмотрение жалоб и заявлений несовершеннолетних, их родителей или иных законных представителей и других лиц, связанных с нарушением или ограничением прав и законных интересов несовершеннолетних;

      5) обращение в установленном порядке в суд за защитой прав и законных интересов несовершеннолетних;

      6) внесение в органы опеки и попечительства предложений о поддержке несовершеннолетних, нуждающихся в помощи государства и находящихся в трудной жизненной ситуации;

      7) принятие мер по обеспечению защиты несовершеннолетних от физического и психического насилия, всех форм дискриминации, сексуальной и иной эксплуатации, а также вовлечения несовершеннолетних в совершение антиобщественных действий;

      8) рассмотрение материалов по фактам общественно опасных деяний, содержащих признаки преступления, совершенных несовершеннолетними, до достижения возраста, с которого наступает уголовная ответственность;

      9) обобщение и распространение положительного опыта работы органов и организаций, занимающихся профилактикой правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних и учреждений средней безопасности для содержания несовершеннолетних, оказание им методической и практической помощи;

      10) направление в соответствующие государственные органы, занимающиеся воспитанием и обучением детей, профилактикой преступлений, правонарушений и безнадзорности несовершеннолетних, а также иные органы и организации независимо от их организационно-правовой формы информации о необходимости проведения индивидуальной профилактической работы с несовершеннолетними:

      освобожденными из учреждений средней безопасности для содержания несовершеннолетних;

      вернувшимися из специальных организаций образования, организаций образования с особым режимом содержания;

      привлекавшимися к административной ответственности;

      с другими, нуждающимися в помощи и контроле со стороны организаций образования;

      11) направление в учреждения здравоохранения материалов в отношении несовершеннолетних, употребляющих спиртные напитки, наркотические средства, психотропные или одурманивающие вещества, для проведения с согласия родителей соответствующих лечебно-профилактических и реабилитационных мер;

      12) рассмотрение представлений администрации организаций образования о длительном непосещении несовершеннолетними школьного возраста общеобразовательных учебных заведений;

      13) принятие мер воздействия к несовершеннолетним и их родителям или иным законным представителям в случаях и порядке, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан и настоящим Положением;

      14) подготовка совместно с администрацией специальной организации образования, организации образования с особым режимом содержания представления в суд по вопросам, связанным с досрочным прекращением пребывания несовершеннолетнего в указанных учреждениях, а также по вопросам, связанным с продлением срока пребывания в них в случае совершения им деяния, содержащего признаки преступления или умышленного административного правонарушения, или переводом его в другие специальные организации образования, организации образования с особым режимом содержания по ходатайству несовершеннолетнего или его законных представителей;

      15) участие в судебном заседании в качестве представителя прав несовершеннолетних по рассмотрению представления администрации учреждения, исполняющего наказание, об условно-досрочном освобождении несовершеннолетнего осужденного от отбывания наказания либо замене ему неотбытой части наказания более мягким видом наказания;

      16) посещение в установленном законодательством Республики Казахстан порядке организаций образования и культуры, центров адаптации несовершеннолетних, центров поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, учреждений средней безопасности для содержания несовершеннолетних, специальных организаций образования, организаций образования с особым режимом содержания, а также специальных организаций образования, расположенных на соответствующих территориях, учреждений средней безопасности для содержания несовершеннолетних с целью обследования условий воспитания, обучения, содержания, охраны здоровья и соблюдения прав и законных интересов несовершеннолетних в них (в случае выявления нарушений прав и законных интересов несовершеннолетних, а также условий содержания, обучения и воспитания внесение представления об их устранении);

      17) изучение состояния воспитательной, правовой, образовательной и оздоровительной работы с несовершеннолетними в организациях образования независимо от их форм собственности;

      18) содействие в получении несовершеннолетними бесплатного начального, основного среднего и общего среднего образования и на конкурсной основе – бесплатного технического и профессионального, послесреднего и высшего образования в соответствии с законодательством Республики Казахстан об образовании;

      19) содействие в получении несовершеннолетними гарантированной государственной помощи;

      20) содействие в получении несовершеннолетними государственных минимальных социальных стандартов;

      21) содействие в обеспечении права несовершеннолетних на отдых, оздоровление и досуг;

      22) участие в формировании социальной инфраструктуры для несовершеннолетних;

      23) координация осуществления в установленном порядке обязательного трудоустройства и обеспечения жильем детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей;

      24) содействие в реализации прав несовершеннолетних на проживание и воспитание в семье;

      25) содействие несовершеннолетнему, перенесшему физическую или психологическую травму вследствие уголовного правонарушения, насилия или иного незаконного деяния, оказание необходимой помощи в восстановлении здоровья и социальной адаптации.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Меры, применяемые Комиссией";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Меры, принимаемые Комиссией по устройству несовершеннолетних:

      1) совместно с другими органами, ответственными за воспитание и обучение, профилактику преступлений, правонарушений и безнадзорности несовершеннолетних, выявляет несовершеннолетних, находящихся в положении, опасном для их жизни и здоровья, в трудной жизненной ситуации, длительное время не посещающих организации образования, нуждающихся в помощи государства, ведет их персональный учет, принимает решения об устройстве этих несовершеннолетних и контролирует выполнение принятых решений;

      2) направляет решение об устройстве несовершеннолетнего в органы образования, внутренних дел, здравоохранения, уполномоченный орган по вопросам занятости, которые в двухнедельный срок информируют Комиссию о принятых ими мерах;

      3) в случаях, когда возвращение на прежнее место жительства несовершеннолетнего, выбывшего из специальной организации образования, организации образования с особым режимом содержания, освободившегося из воспитательной колонии или учреждения средней безопасности для содержания несовершеннолетних, невозможно или нежелательно в связи с отсутствием родителей или иных законных представителей, лишением родителей родительских прав, а также в силу иных причин, способных отрицательно повлиять на поведение несовершеннолетнего, Комиссия, расположенная по месту нахождения указанных учреждений, принимает меры по устройству несовершеннолетнего в организации образования или трудоустройству, с учетом его интересов, а также оказывает помощь по созданию для него жилищно-бытовых условий. Комиссия рассматривает вопрос в течение десяти календарных дней со дня подачи письменного заявления несовершеннолетнего и мотивированного заключения администрации соответствующего учреждения. В необходимых случаях Комиссия обращается в соответствующий орган опеки и попечительства для установления над несовершеннолетним опеки или попечительства.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Меры воздействия, применяемые Комиссией к родителям или иным законным представителям несовершеннолетних.

      К родителям или иным законным представителям несовершеннолетних, не исполняющим своих обязанностей по воспитанию и обучению детей либо отрицательно влияющим на их нормальное физическое и нравственное развитие, Комиссия может применить следующие меры воздействия:

      ходатайствовать перед судом о возмещении причиненного несовершеннолетнему вреда;

      при непосредственной угрозе жизни и здоровью несовершеннолетнего обратиться в орган опеки и попечительства с ходатайством о немедленном отобрании несовершеннолетнего у родителей или иных законных представителей, на попечении которых он находится, а также отстранении опекуна или попечителя от исполнения ими своих обязанностей, расторжении договора о передаче ребенка на воспитание либо отмене в судебном порядке усыновления (удочерения) ребенка;

      в течение пятнадцати рабочих дней обратиться в суд с заявлением об ограничении или лишении родительских прав, либо применении к ним иных мер, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Порядок рассмотрения материалов Комиссией";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Порядок проведения заседаний Комиссии.

      Заседания областной Комиссии проводятся один раз в два месяца. Заседания городской, районной в городе, районной Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже двух раз в месяц и являются, как правило, открытыми. В целях обеспечения конфиденциальности информации о несовершеннолетнем, его родителях или иных законных представителях Комиссия с учетом характера рассматриваемых материалов может по просьбе лиц, участвующих в деле, принять мотивированное постановление о проведении закрытого заседания.

      При необходимости Комиссия может проводить выездные заседания по месту учебы, работы или жительства лиц, дела о которых ею рассматриваются.

      Заседание Комиссии правомочно, если на нем присутствует не менее половины от общего числа членов Комиссии. Председательствуют на заседании Комиссии ее председатель либо по его поручению заместитель председателя Комиссии.

      Материалы в отношении несовершеннолетнего Комиссия рассматривает только в присутствии самого несовершеннолетнего и его родителей или иных законных представителей.

      По желанию несовершеннолетнего к участию в работе Комиссии допускается его адвокат.

      Извещение прокурора о дате, месте и времени проведения заседания Комиссии обязательно.

      При рассмотрении материалов в отношении несовершеннолетнего, совершившего общественно опасное деяние до достижения возраста, с которого наступает уголовная ответственность, на заседание приглашается прокурор.

      В начале заседания Комиссии председательствующий объявляет, какие материалы подлежат рассмотрению, представляет лиц, участвующих в заседании. После этого оглашаются необходимые документы, исследуются поступившие материалы, а также обстоятельства, имеющие значение для принятия обоснованного решения, рассматриваются ходатайства, заслушиваются выступления участвующих в заседании лиц.

      Ходатайства по существу рассматриваемых материалов могут быть заявлены несовершеннолетним, его родителями или иными законными представителями, адвокатом, специалистами, участвующими в рассмотрении материалов, а также лицами, обратившимися в Комиссию с представлением в отношении несовершеннолетнего, и их законными представителями. Результаты рассмотрения заявленных ходатайств заносятся в протокол заседания Комиссии.

      На время исследования на заседании Комиссии обстоятельств, способных отрицательно повлиять на несовершеннолетнего, Комиссия имеет право удалить его из зала заседания, о чем делается запись в протоколе заседания Комиссии.";

      часть пятую пункта 18 изложить следующей редакции:

      "Постановление Комиссии подписывается председательствующим и ее секретарем, оглашается на заседании Комиссии и вступает в законную силу после истечения срока, установленного для его обжалования.";

      абзац первый части второй и часть третью пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "На заседании Комиссии секретарь Комиссии ведет протокол, в котором должны быть указаны:";

      "Протокол заседания Комиссии подписывается председательствующим и ее секретарем.";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Материально-техническое обеспечение Комиссии".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин