"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 123 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:

      мәтін бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ата-аналары белгісіз тауып алынған (тастанды) баланы асырап алу Кодексте белгіленген тәртіппен Кодекстің 196-бабына сәйкес хаттама немесе ішкі істер органдары немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген акт, оның туу туралы куәлігі және баланың тууын тіркеуді растайтын туу туралы акт жазбасының көшірмесі болған жағдайда жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 14) тармақшасындағы "қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін." деген сөздер "(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген (баланың жақын туыстарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның (бұдан әрі – орган) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген балаларды асырап алуға рұқсат беруі үшін қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы негіз болып табылады.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алуға үміткерлер Республикалық деректер банкінде баланы таңдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық деректер банкінде қалыптастырылған, баламен танысуға арналған жолдаманың негізінде баламен жеке танысады.

      Баламен танысу қорытындылары бойынша бала асырап алуға үміткерлер баламен одан әрі қарым-қатынас жасаудан бас тартуды немесе келісімін Республикалық деректер банкінде бетбелгіні басу арқылы растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

      20. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баламен жеке танысқаннан кейін:

      1) орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, баланың тұрақты тұрғылықты жерінде баламен кемінде екі апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);

      2) бала асырап алу туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;

      3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;

      4) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;

      5) екі апталық қарым-қатынастың соңғы күні бала асырап алу рәсімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды Республикалық деректер банкінде растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының
азаматтарына арналған нысан
  __________________________
  __________________________
  (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған
ұйымның атауы)
директоры (бас дәрігері)
  ________ № _______________

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының баламен танысуына жолдама (көрсетілген танысу күніне ғана жарамды)

      Бала _______________________________ _____________танысу үшін

      Т.А.Ә. (бар болса)

      анкета нөмірі бала асырап алуға үміткер ретінде 20 __жылғы _________ № _______

      қорытындымен тіркелген, бала асырап алуға үміткерлер _________________

      Т.А.Ә. (бар болса) берілді.

      Балаға келу күні мен уақыты: 20____ жылғы "___"______ сағ. ______.

      Бала тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның мекенжайы мен телефоны:

      _______________________________________________________________.

      Назар аударыңыз! Егер баламен танысқан болсаңыз, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның қызметкері танысу фактісін ағымдағы күні сағат 18:30-ға дейін растауы тиіс.

      Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның қызметкері танысу фактісін растамаған жағдайда, мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (7172) 74-21-54, 8 (7172) 74-23-41 (сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 123 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға беру
қағидаларына
1-қосымша
  Туысқандарға арналған нысан

      Жолдама берген ұйымның бланкісі

  _________________________
  _________________________
  (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған
ұйымның мекенжайы және
телефоны) директоры (бас
дәрігері)
  _________________________
(мекеме басшысының Т.А.Ә.
(бар болса)) _____ № _______

Туысқандарының/Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаға баруға және онымен қарым-қатынас жасауына жолдама (көрсетілген танысу күніне ғана жарамды)

      Бала _______________ танысуға және кемінде 2/4 апта қарым-қатынас

      Т.А.Ә. (бар болса)

      жасау үшін туысқандары/бала асырап алуға үміткерлер _____________ берілді.

      (қажеттінің астын сызу) Т.А.Ә. (бар болса)

      Қабылданған шешім туралы мәліметтер_________________________

      (келісім, бас тарту)

      ___________________________________________________________

      (туысқандарының/бала асырап алуға үміткерлердің қолы)

      жолдаманы берген органның басшысы ____________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), қолы М.О.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 380 "Об утверждении Правил передачи детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 123.

      Примечание ИЗПИ!

      Порядок введения в действие см. п.2

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 380 "Об утверждении Правил передачи детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 40, ст. 521) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах передачи детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление, утвержденных указанным постановлением:

      по всему тексту слова "по местонахождению" заменить соответственно словами "по месту нахождения";

      часть вторую пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "Усыновление найденного (подкинутого) ребенка, родители которого не известны, осуществляется в установленном Кодексом порядке при наличии протокола или акта, выданного органами внутренних дел или органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству, свидетельства о его рождении и копии записи акта о рождении, подтверждающей регистрацию рождения ребенка в соответствии со статьей 196 Кодекса.";

      пункт 4 дополнить подпунктом 15) следующего содержания:

      "15) граждан Республики Казахстан, постоянно проживающих на территории Республики Казахстан, не прошедших психологическую подготовку в порядке, установленном пунктом 4 статьи 91 Кодекса (за исключением близких родственников ребенка).";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Основанием для выдачи органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству (далее – орган), разрешения на передачу детей, указанных в подпунктах 1)-3), 5) и 6) пункта 3 настоящих Правил, на усыновление является заключение комиссии (далее – комиссия), порядок деятельности и состав которой определяются уполномоченным органом в области защиты прав детей Республики Казахстан.";

      пункты 19 и 20 изложить в следующей редакции:

      "19. Кандидаты в усыновители, являющиеся гражданами Республики Казахстан, постоянно проживающими на территории Республики Казахстан, выбрав ребенка в Республиканском банке данных, лично знакомятся с ребенком на основании направления на знакомство с ребенком, сформированного Республиканским банком данных, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      По итогам знакомства с ребенком кандидаты в усыновители подтверждают отказ или согласие на дальнейшее общение с ребенком в Республиканском банке данных путем нажатия закладки и подписывают своей электронно-цифровой подписью.

      20. Граждане Республики Казахстан, постоянно проживающие на территории Республики Казахстан, после знакомства с ребенком лично:

      1) имеют с ребенком непосредственные контакты (личное знакомство с ребенком, его привычками, вкусами, особенностями характера, прогулки, игры) не менее двух недель в месте постоянного проживания ребенка с соблюдением требований режима согласно положению соответствующей образовательной, медицинской и другой организации в присутствии представителя органа;

      2) получают подробную информацию о ребенке и знакомятся с его документами;

      3) подтверждают в письменной форме факт ознакомления с медицинским заключением о состоянии здоровья ребенка согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      4) при желании обращаются в медицинское учреждение для проведения независимого медицинского освидетельствования усыновляемого ребенка с участием представителя образовательной, медицинской и другой организации, в которой находится ребенок;

      5) в последний день двухнедельного общения подтверждают отказ или дальнейшее участие в процедуре усыновления в Республиканском банке данных и подписывают своей электронно-цифровой подписью.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца седьмого пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие с 1 июля 2020 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Форма для граждан
Республики Казахстан,
постоянно проживающих
на территории
Республики Казахстан

                                                      Директору
                                                      (Главному врачу)
                                                      __________________________
                                                      __________________________
                                                      (наименование организации
                                                      для детей-сирот и детей,
                                                      оставшихся без попечения
                                                            родителей)
                                                      от________ № _____________

                                          Направление
            на знакомство с ребенком для граждан Республики Казахстан, постоянно
      проживающих на территории Республики Казахстан (действительно только
                              в указанный день знакомства)

      Выдано кандидатам в усыновители _____________________,
                                    Ф.И.О. (при его наличии)
      зарегистрированным в качестве кандидатов в усыновители заключением
      №______ от _______ 20_____ года на знакомство с ребенком _________________,
                                                      Ф.И.О. (при его наличии)       _____________________
      номер анкеты.

      Дата и время посещения ребенка: "___"______ 20____года в _____ часов.
      Адрес и телефон организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей,
      в котором воспитывается ребенок: __________________________________________.
      Внимание! Если знакомство с ребенком состоялось, сотрудник организации для детей-сирот и детей,
      оставшихся без попечения родителей, должен подтвердить факт знакомства до 18:30 час. текущего дня.
      В случае, если сотрудник организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей,
      не подтвердил факт знакомства, просим информировать по телефонам: 8 (7172) 74-21-54, 8 (7172) 74-23-41 (с 9:00 до 18:00 часов).

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 18 марта 2020 года № 123
  Приложение 1
к Правилам передачи детей,
являющихся гражданами
Республики Казахстан,
на усыновление
Форма для родственников

            Бланк организации, выдавшей, направление

                                                      Директору
                                                      (Главному врачу)
                                                      __________________________
                                                      __________________________
                                                      (адрес и телефон организации
                                                      для детей-сирот и детей,
                                                      оставшихся без попечения
                                                            родителей)
                                                      _________________________
                                                      (Ф.И.О. (при его наличии)
                                                      руководителя учреждения)
                                                      от________ № _____________

                                          Направление
                  на посещение и общение с ребенком родственниками/ гражданами
                  Республики Казахстан, постоянно проживающими на территории
      Республики Казахстан (действительно только в указанный день знакомства)

      Выдано родственникам/ кандидатам в усыновители __________________
      (нужное подчеркнуть)                         Ф.И.О. (при его наличии)
      на посещение ребенка __________________для знакомства и общения не менее
                        Ф.И.О. (при его наличии)
      2-х/4-х недель.
      Сведения о принятом решении ________________________________________
                                          (согласие, отказ)
      ___________________________________________________________________
                  (подписи родственников/кандидатов в усыновители)
                                          руководитель органа, выдавшего
                                          направление __________________________
                                                      Ф.И.О. (при его наличии),
                                                                  подпись
                                          М.П.