"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:
1) "Жалпы білім беретін Нарын орта мектебі" мемлекеттік мекемесі "Исатай аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
2) "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.В. Гоголь атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.К. Крупская атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ф. Энгельс атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Морской ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шабыт ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Калинин ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Киров ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жаңаталап ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. "Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |